Қос елдің құзыретті органдары – қылмыстық әрекетке қарсы

12ҚР Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мемлекеттері бойынша көмекшісі Ниша Десаи Бисвалмен кездесті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі мұхиттың арғы жағынан келген Мемлекеттік хатшының көмекшісімен өткен кездесу кезінде екіжақтың  құқықтық ынтымақтастықтың кең салалы мәселелерін қамтығанын мәлімдеді. Соның ішінде, қылмыстық-құқықтық саладағы құқықтық көмек пен шарттық-құқықтық базаның кеңейтілуі баса назарға алынып, оның нығайтылуы талқыланған.

Талқыға салынғандардың топ басында терроризм мен экстремизмге, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, есірткі бизнесіне, киберқылмыс пен қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыруға қарсы күрес мәселелері тұр. Тараптар қол жеткізілген өзара әрекеттестік деңгейіне қанағаттанған рай білдірді. Асхат Дауылбаев еліміздің Бас прокуратурасының Американың құзыретті органдарымен қылмыстық әрекетке қарсы, қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық көмек көрсетуде, қылмыскерлерді беру мәселесінде  өзара түсіністік қағидаты негізінде белсенді түрде ынтымақтастықтың артатынын атап айтты.

Бас Прокурор қазақстандық прокуратураның басым бағыттары жөнінде баян етіп, қылмыстық қудалау барысында адам құқығы прокурордың басты назарында болатынына тоқталды. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде қолданылып отырған батыл қадамдар жөнінде де айтылмай қалмады. Тараптар халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі осы заманғы геосаяси міндеттер аясында жаһандық қауіп-қатерге қарсы әрекеттестікте күштердің бірігу өзектілігінің  шынайы өсіп отырғанын қарастырды. Бұл ретте қос тарап өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендігін білдірісті.

Айнабай МӘДИ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *