ОҚУШЫНЫҢ ҚОЛЫНАН ҰРУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

скачанные файлы (1)

Қытайдағы ең басты проблема – баланы мектепке орналастыру. Елді-мекендердегі халықтың тығыз орналасуы себепті оқу орындары лезде бала санына толып қалады. Сондықтан ата-аналар бір жыл бұрын бірнеше мектепке арыз жазып қоюға мәжбүр. Сондай-ақ, мектептерде қатаң бәсеке мен тәртіп орнаған. Барлық жерде оқу ақылы. Тегін мектеп, балабақша деген атымен жоқ.

Сыныбы жоғарылаған сайын төлемақысы да жоғарылай береді. Оның үстіне жарты жылға бірден төлеуі керек. Егер бір жылға бірден төлейтін болсаңыз, онда едәуір жеңілдіктер жасалады. Содан кейін мектептерде артық пәндер бола бермейді. Негізінен, математика, қытай, ағылшын тіліне және спортқа басымдық беріледі. Дене- шынықтыру пәні бойынша әр бала өз таңдаған секциясына ғана бара алады. Басқаларға қарағанда математикаға көп мән беріледі. Көбейту кестесі ерте жүреді. Бірінші сыныпта 100-ге дейін оқытылады, ал, екінші сыныпта көпмәнді сандармен жұмыс істей бастайды.

Қытайда оқушылар сыныптан-сыныпқа көшіп жүрмейді. Бір бөлмеде оқиды. Мұғалім де сонда дәріс береді. Жалпы, бұл елде мектептердің басым көпшілігі интернат үлгісінде жұмыс істейді. Балалар үйлеріне тек демалыс күндері ғана бара алады, көп күнін мектепте, таңғы тоғыздан кешкі тоғызға дейін өткізеді. Сабақтан соң үй тапсырмасын, қосымша тапсырмаларды орындаумен айналысады.

Мектеп формасы міндеттелген. Киіммен оқу мекемесі қамтамасыз етеді және оның бағасы оқу ақысына кіреді. Ал, ата-аналар тек қана аяқ киім сатып алады. Кейбір мектептердің бастауыш сыныптарындағы парталарға балалар иіліп отырмас үшін темір шектеулер қойылған. Шетелдіктері жоқ, таза қытайлық оқу мекемелерінде оқушының қолынан ұруға рұқсат етілген.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *