Оңай олжа қуаныш әкелмейді

1312Красноярскілік такси жүргізушісі әуежайдан келе жатып, шашылып жатқан доллар тауып алады. Үйіне келген соң, санап көрсе, нағыз ақша. Әйелі сенбейді.

– Көп ақша, түнімен көз ілмедім. Дегенмен, мұндай оңай олжаның қуаныш әкелмейтінін де ойладым. Таңғы төртте полицияға барып тапсырдым, – дейді таксист.

Сайып келгенде, әуежайға асығып бара жатқан жолаушы біраз ақшасын түсіріп алған. Полиция қанша ақша екенін айтпай отыр. Себебі, қанша екенін ақша жоғалтқан адамның өзі айтуы керек. Сонда ғана ол ақшаның иесі болып саналады.

Заң бойынша таксист бұл соманың 20 пайызын алуға хақылы. Егер жарты жылға дейін ақшаның иесі табылмаса, онда барлық сома тауып алған адамға табысталады.

Т.МИР-АС.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *