ӨНЕРСІЗ ӨМІР ҚАРАҢҒЫ

Өнердің өзекті бір саласы – театр. Қазақ сахна өнері туысы бөлек, тұғыры биік тұлғалардың табиғи таланты, жанкешті еңбегі арқасында өсіп, өркендеді. Бүгінде әлем таныған қазақ театрларын биік белеске көтергендердің бірі – Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мүлік Сүртібаев болатын. Ол өзінің өмірдегі, өнердегі серігі Қазақстанның халық әртісі Әйкен Мұсабекова екеуі өнер жолын Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында бастады.

Сахнаның қос жұлдызы осы өнер ордасының іргесін қалап, шаңырағын биіктетіп, керегесін кеңейткен біртуар таланттар болатын. Ерлі-зайыпты таланттар жайлы Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назар­баев, ұлы суреткерлер М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов БАҚ-та жарияланған  ой-пікірлерінде олардың талантын аса жоғары бағалады. Бір ғана мысал: «Мүлік Сүртібаев көзінің бір ғана қиығы­мен көп жайды аңғарта алатын талант» деп жазды М.Әуезов.

М.Сүртібаев комедияда, траге­дияда, драмада да біріне-бірі ұқса­майтын бедерлі бейнелер кейіптеген кең тыныс­ты, кемел ойлы талант болатын. Бір ғана мысал: «Өжет қыз» фильміндегі Аңғар бейнесі әлі есте. Ол сом­даған ұлы Абай театр тарихын­дағы бітімі бөлек бекзат бейне. Жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, күлкілі Аңғарбай мен ойлы, мұңлы ұлы Абайдың арасы жер мен көктей емес пе?! Осындай комедиялық, драмалық бейнелерді сомдау кез-келген өнер иесінің маңдайына жазылмаған.

М.Сүртібаевтың кино сала­сындағы еңбегі де аса ауқымды.

Өткен ғасырдың елуінші жылдары сахнаның қос саңлағы М.Әуезов теа­тры­на шақырылып, өмірлерінің соңына дейін қазақ өнерінің қарашаңырағында жеміс­ті де жеңісті еңбек етті. Бірі Төле­ген, бірі Жібек, енді бірде Еңлік—Кебек, тағы бірде Қозы—Баян болып, сах­нада жарық жұлдыз болып жарқы­рады. Өнерде өшпес із қалдырған.

Қазақстанның халық әртістері Мүлік Сүртібаев пен Әйкен Мұсабеко­ваның 100 жылдық мерейтойы олар туып-өскен, жеміс­ті еңбек еткен Қара­ғанды қаласында, Жаңаарқа ауданында, Ерәлиев ауылында аталып өтті. Мерейтой кештерінде сахнаның қос саңлағы жайлы, жазушы, драматург, театр сыншысы, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты Сәбит Досанов мазмұнды баян­да­ма жасады. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты Кеңес Жұмабеков, Қа­рағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүр­кенов, Қазақстан халқы Ассам­блеясы Қарағанды облыстық бөлімінің төрағасы Ерлан Құ­сайы­нов, Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан Бекқожин, т.б. қос талант жайлы терең­нен тартып, тебірене сөйледі. М.Сүрті­баевтың келіні, зейнеткер Әйтікеш Қазы­бекова, сахна саңлақтарының не­ме­релері Мадлена, Сұлтан Сүрті­баевтар әсерлі естеліктер айтты.

М.Сүртібаев пен Ә.Мұсабеко­ваның 100 жылдық мерейтойлары өткен жылы желтоқсан айының соңғы күндері олар жемісті еңбек еткен М.Әуезов теа­трында өткен болатын. Сол ұлағаты мол ұлы той олардың туған жерінде әдемі де әсерлі, мәнді де сәнді жалғасты.

 

«Ақшам-ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *