Наурызкөже тегін таратылды

Бостандық ауданында өткен Наурыз мейрамы ерекше сипатқа ие болды.Оның жоғары деңгейде өтуіне, әсіресе,  аудан­ның тұрғындары белсенді атсалысып, «Мега Алматы – 2» ойын-сауық орта­лығының алаңына жиналды. Аудан тұрғындары шат-шадыман көңіл-күйге бөленіп, бір-біріне құттықтау лебіздерін білдіріп жатты. Бейбіт өмір мен берекенің, мейірбандық пен ізгіліктің бастауы болған Ұлыстың Ұлы күніне орай киіз үй тігіліп, оның маңына алтыбақандар құрылып, мейрамның сәнін келтірді. Мерекелік думанның қызған шағында ұлттық ойындар қаумалаған көпшілікті өзіне тартты. Бұл күні ұлттық салт-дәс­түрлеріміз насихат­талып, ұлттық ойындар дәріптелді және тойдың басты дәмі – наурызкөже таратылды. Сонымен қатар, қазақ эстрадасының жұлдыздары ән шырқап, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *