МУРАЛ – ЗАМАНАУИ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

Алматыда осыған дейін жөндеу жұмыстары кезінде зардап шеккен атақты «Әлемдерді біріктіре» муралын қайта құру аяқталды

Муралға суретші Арыстанбек Шалбаев жаңа өмір сыйлады. Қалпына келтіру жұмыстары Алматы муралдарын құру жобасының серіктесі болып табылатын финдық Tіkkurіla компаниясының бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Бұл өнер түрі бүкіл әлемде танымал, әдетте мұндай жұмыстардың коллекциясын жинайтын қалаларда қолтаңбаны қорғайтын және сәулеттік ортаның дамуын реттейтін арнайы заң бар, өз кезегінде бұл муралдың назарда болуын қамтамасыз етеді. Осы ретте «Әлемдерді біріктіре» муралы жағдайында Алматыға бұрын құрылған және болашақта жасалатын қалалық өнер заттарына қатысты қорғау шараларын қабылдау қажеттілігі жетіспейтіні байқалады.

Алматыда бірнеше жыл қатарынан жарқын стрит-арт объектілерін құру бойынша фестиваль өтеді, қазіргі уақытта қалада отандық және шетелдік суретшілермен орындалған 30-дан астам үлкен қабырғалық бейнелер бар. Ал графиттиден ерекшеленетін бұл стрит-арт объектісі өнердің толыққанды туындысы болып табылады, олар вандалдардың, туындыға бей-жай қарайтын немесе суретшілердің еңбегін бағаламайтын адамдардың қолынан зардап шегуі әбден мүмкін.

Қала тұрғындары мен қонақтарының көзайымына айналған әл-Фараби даңғылы, 127 – Үлкен Алматы өзені мекен-жайы бойынша орналасқан «Әлемдерді біріктіре» муралы да қорғалмаған, ол  үй тұрғындарының пәтерлерді жылыту жұмыстарынан зардап шекті.

Қала тұрғындары үшін әрбір муралдың пайда болуы – жаңа оқиға, ал кей кезде біздің қаза тапқан батыр-отандастарымызды еске салу. Жақында қала орталығында пайда болған атақты альпинист Анатолий Букреевке арналған бейне осыған мысал, әлемдік альпинистік қауымдастық өкілдерінің пікірінше, ол ХХ ғасырдың ең мықты биік шың альпинистерінің бірі болған.

«Муралды қалпына келтіру жұмыстарын ондаған қала тұрғындары қызығушылықпен тамашалады. Тіпті, көлік жүргізушілері даңғыл бойымен осы муралдың жанынан өтіп бара жатқанда, жасалған әсемдікті тамашалау үшін жылдамдықтарын төмендетті. Біз жобаның қазақстандықтардың жүрегінде орын тапқанына өте қуаныштымыз және шығармашылықтың осы түрін дамытуды жалғастыруға ұмтылатын боламыз. Біз қала ғимараттарының қабырғаларындағы бейнелердің жоғары көркемдік үлгілерге айналғанын, ал Алматы қаласының жыл сайын көрікті, жарқын әрі қызығырақ бола түскенін қалаймыз», – деп атап өтті Орталық Азия Tіkkurіla коммерциялық директоры  Әйгерім Тұрлыбекова.

ARTBAT FEST заманауи өнер фестивалінің серіктесі аясында алғашқы муралдар пайда болды, ал финдық Tіkkurіla компаниясы өнер туындысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар үшін өздерінің сапалы бояуларын ұсынды. Көркем қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстандағы танымал суретші, Шымкент қаласының «Қызыл Трактор» трансавангардты арт-тобының ең жарқын өкілдерінің бірі –  Арыстанбек Шалбаев шақырылды.

«Мурал-арт пен графитти көше өнерінің өте ұқсас түрі болғанымен, олардың арасында айырмашылық бар. Себебі, муралдар әдемі суретпен қатар қандай да бір терең ой немесе мағына беруге арналған. Осылайша бұл суреттердің өмірден алынатын немесе мифологиядан әр түрлі көріністер бейнеленген классикалық фрескалармен ұқсастығы әлдеқайда көп. Осыған қарап, муралдар фрескалардың эволюцияланған формасы деген тұжырым жасауға болады. Сонымен қатар, муралдарды құру билікпен келісілген әрекет негізінде жүзеге асады. Әрине, муралдарды бүлдіру көңілге қаяу түсіреді, сондықтан мен Tіkkurіla компаниясының «Әлемдерді біріктіре» муралын қайта қалпына келтіру ұсынысына  қуана келістім», – деді Арыстанбек Шалбаев.

Уақытында «Әлемдерді біріктіре» муралын 2015 жылы Қырғызстан суретшілерінің тандемі – Doxа Art тобы (Дмитрий Петровский, Сергей Келлер) құрған болатын. Өз кезегінде қала билігі де муралдарды құру жөніндегі жобаның белсенді қатысушысы болып табылады, олар тұрғын үй қабырғаларының ең қызықты және эстетикалық тартымды жұмыстармен безендірілуі үшін әкімдік жанындағы арнайы комиссия базасында эскиздерді келісу арқылы рұқсат береді.

 

 

Нұр ҚАЙЫР.

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *