ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ — БІЗ ҮШІН БАСТЫ БАСЫМДЫҚ

Алматыда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс XXV конференциясы өтті

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының кезектен тыс XXV конференциясы барысында Бауыржан Байбек Елбасы тапсырмаларын, сондай-ақ жаңадан сайланған Президенттің сайлауалды тұғырнамасын және барлық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысты партиялық принципті және қатаң бақылауды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партия төрағасы Нұрсұлтан Назар­баев «Nur Otan» трансформациясы туралы тапсырма берді. Партия жұмысындағы көзқарастарды түбегейлі қайта қарап, жүктелген маңызды шаруаларды жүзеге асыру қажет. Біз тыңдап қана қоймай, адамдарды естуіміз керек, проблемалық мәселелерді шешуге тиіспіз. Адамға қамқорлық жасау, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету — біз үшін басты басымдық. Бүгінгі күні партия қата­рындағыларды бір тексеріп шығу қажет. Бұл мәселе санға емес, қауымдастықтың сапалы құрамына негізделуі тиіс», — деді Бауыржан Байбек.

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары партияның қоғамдық қабылдауларын реформалауды, мәслихат депутаттарымен және парламенттік фракциямен өзара іс-қимылды нығайтуды тапсырды.

«Партия халыққа жақын болуы керек. Халықпен кері байланысты нығайтуға, қоғамның талаптарына тез арада жауап беруге, ағымдағы үдерістерге белсенді түрде әрекет етуге атсалысуы керек. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынаста болу маңызды. Жұмыстарды барлық әлеу­меттік топтармен бірігіп жүргізу керек. Бұл жастар, зейнеткерлер, мүгедектер, әлеу­меттік жағынан әлсіз топтар, көпбалалы аналар, жұмыссыздар және басқалар», — деді Бауыржан Байбек.

Конференция барысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Nur Otan» партия­сының Алматы қалалық филиа­лы­ның төрағасы болып сайланды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *