МАНИФЕСТ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМГЕ БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗЕКТІ БІР БАТЫЛ ҚАДАМЫ

Қазақстан – әлемдік қоғамдастыққа қарусыздану мәсе­лесіне байланысты салиқалы саясат жүргізудің жарқын үлгісін көрсеткен мемлекет.

Қазақстан  Президенті «Әлем. XXІ хасыр»  бағдарла­малық құжаты  арқылы оны жаһан талқысына ұсынып қана қой­май, оны нақты  іске асырудың айқын жолдарын көрсетіп берді. Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік сам­ми­тінде бұл бағ­дарламаны әлемдік ауқымдағы саясаткер біздің Президентіміз  дәлелдеп  берді.

Ядролық қарулану үдерістері жаңадан өрістей түсіп отырған жағдайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың Азия мен Таяу Шығыста ядросыз аймақ құру тура­­лы ұсынысы үлкен маңызға ие болып отыр.

Бұдан 25 жыл бұрын Қазақстан бас­шысы өз Жарлы­ғымен Семей ядролық сынақ полигонын жапты. Содан кейін ғана ядролық державалар атом қаруын сынауға мораторий жариялады. Ал былтыр БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастама­сымен Ядролық қарудан азат әлем құру жөнінде декларация қабылдады. Сондай-ақ, 2015 жылы Қазақстанда Төмен байы­тылған ядролық атом банкі құрылды. Бұл біздің еліміздің атом қуатын бейбіт мақсат­тарға пайдалануға мүдделі екендігін көр­сетсе керек.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың осынау манифесі Азия, Еуропа және Африка елдері саясаткер­лерін демилита­ризациялау бағытына қарай қадам жасауға итермелейтініне  халықаралық қауым­дас­тықтың сенімі нығая  түсті. Бас­та­ма­шысы Қазақстан, Елбасы болып табы­латын бастама, «Әлем. XXІ ғасыр» атты бейбіт­шілік манифесінің маңызы өте зор. Қазақ­станның бастамасы бойынша өткен жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ дек­ла­рация қабылдауының өзі – бір орнында тұралап қалған кемені алға жылжытуға септігін тигізетіні анық. Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың манифесі арқылы тағы да біздің еліміздің бейбіт бастамасы әлемдік дең­гейде жоғары бағаланып отыр. Елбасының іргелі бастамасы жаһанға бейбіт баста­маларымен танылған Қазақстанның асқақ мәртебесін айқындайды.

 

Абу-Касим  ХАЖАЛИЕВ,

«Вайнах» Ассоциациясы  төрағасының бірінші орынбасары,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,

«Нұр  Отан»  партиясының саяси кеңесінің мүшесі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *