«Мәңгілік Қазақ елі – менің мемлекетім»

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде академик Т.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік Қазақ елі – менің мемлекетім» атты білім сайысы өтті.

Сайысқа тарих факультеті мен Филология және көп тілді білім беру институтының 1 және 2-курс студенттері қатысты. Ал, Құқық және экономика институты, Математика, физика және информатика институтының студенттері жанкүйер болып, сайысқа қатысушыларға қолдау көрсетіп отырды. Бір айта кетерлігі, сайыстың барлық кезеңінде сұрақтар Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясатына орай, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қойылды. Бұл ретте сайыскерлердің үш тілді білу деңгейі де сыналды.

Сайысты тарих факультетінің деканы Б.Жұмағұлов қорытын­дылап, Алмас Төлеу, Төрехан Мұхамбеков, Шолпан Мұсалім, Айнұр Сайлаубекова, Диана Налдибекова, Мұрат Төребаев, Ринат Қырықбаев, Берікбол Мұратов, Азиза Рахманова секілді белсенді студенттерге мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар тапсырды. Шараны ұйымдастырушы Айгүл Махаева сайыстың алғаш рет өткізіліп отырғанын айтып, мақсаты – оны халықаралық деңгейге жеткізу екенін жеткізді.

Сая НҰРҒАЗИНА,

Абай атындағы ҚазҰПУ-дің

Филология және көп тілді

білім беру институтының

2-курс студенті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close