МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІН АЙҚЫНДАП БЕРДІ

Тәуелсіз еліміз Қазақстанның 28 жылдық тарихында алғаш рет мұғалімнің мәртебесі жоғары деңгейде, республика көлемінде қаралып, талқыланды. Бұл бастамалардың басында Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен бүгінгі таңда егеменді елімізді жоғары біліктілігімен басқарып отырған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тұр.

Ұстаз мамандығының бе­делін арттыру кез-келген мемлекеттің білім беру сая­сатының басты бағыт­тарының бірі болып саналады. Тәуелсіз еліміздің жас жеткіншек­теріне сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісі ең алдымен мектеп­тегі мұғалімдердің білімі мен біліктілігіне байланысты. Демек, осы талаптарды жүзеге асыруда, мұғалімге жан-жақты жағдай жа­салу керек. «Мұға­лім мәртебесі ту­ралы» заң қа­былдау қажеттігі ТМД ел­дерінде 2004 жылдан бері көте­ріліп келе жатқан мәселе екені белгілі. Осы ретте мемлекет та­рапы­нан үлкен іс-шара, шешу­ші қадам Мұғалім мәртебесі (Педагог мәрте­бесі туралы)  заңы  2019 жылдың 27 жел­тоқсанында қабыл­данды. Заң 21 баптан тұрады. Осы заң педагог мәртебесін айқын­дайды, педагогтың құқық­тарын, әлеуметтік кепілдік­терін және шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді делінеген. Яғни мұға­лімнің құқық­тық жағдайын, әлеу­меттік-эконо­микалық жағынан қорғалуын құ­қық­тық тұрғыда реттейтін болады. Сонымен бірге, мұғалімнің қоғам алдын­дағы міндеттері мен жауап­кершілігі де нақты айқын­дал­ды. Қабылданған заң ұстаздар қауымы арасында қызу талқы­лануда. Бұл мем­лекет тара­пы­нан мұғалімдерге жасалған үлкен сыйы, алғысы мен ең­бегіміз­дің бағалануы деп біле­мін. Педагог мәртебесі заңы­нан тыс ұс­таздарға басқа да бағдарламалар аясында қолдау көрсетіліп келуде. Бұған дәлел ретінде жылдағы Ел­басы­мыздың халыққа Жол­да­уын­дағы мұғалімдерді ерекше атап, жан-жақты атаулы көмек көр­сетіле­тіндігін атап айтуы. Білі­міне сенімді әр ұстаз бүгінгі таңда ұлттық білік­тілік тесті­леуден өтіп, өз жалақысын 30 бен 50 пайызға дейін көтеру мүмкіншілігіне ие болып отыр. Тек, сапалы білім беру жолын­да аянбай еңбек ету керек! Мемлекет тарапы­нан барлық мүмкіншілік жасалған.

Ұстаздық жолы – қиын жол. Осы жолды таңдаған маман­дық иесі, бізге ұстаздарға артылар мін­деттің жүгі ауыр. Өткен ғасырдың 90-жылдары мен XXІ ғасырдың басы жаңа заман болып табылады. Жаңа қоғам жаңа қатынастар қалып­тастырады. Жаңа заман жаңа адамды дүниеге әкеледі. Жаңа адамды тәрбиелеу, білім беру мектептен, мұғалімнен бастау алады. Елбасымыз осыдан бірнеше жыл бұрын айтқа­нын­дай, «жаңа форма­цияға жаңа педагог қажет» болуда. Ал қазіргі бәсекеге толы дүниеде мұғалімдік қызметке барынша дарынды адамдарды тарту өмірлік қажеттілікке айналуда. Біздің міндетіміз жоғары дең­гейдегі білімді, білікті, бәсекеге қабілетті, заманауи, үш тілде еркін сөйлейтін, жеке өз пікірі бар тұлға қалып­тастыру.

Бұл заң мектепте білікті, білімді жастардың, әсіресе ер-азаматтары­мыздың көбеюіне өз ықпалын ти­гізері хақ. Рас, кезінде жалақының аздығынан, қалалық жерде пәтер алу мүмкіндігінің шектеулігінен, мұғалім жұмысының қиынды­ғынан және т.б. себептерден мектептерде ер мұғалімдер үлесі де азайып кетті. Бұл мек­тептегі ұлдар тәрбиесіне, бо­лашақ ер-азаматтың мінез-құл­қының, батыл да жігерлі болып қалып­тасуына зиянын тигізуі әбден мүмкін. Енді бұл мәсе­ленің де ше­шілу ауылы алыс емес деп есеп­теймін.

 

Інжу СЕРІКҚЫЗЫ,

№197 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *