Ұлттық өнердiң ұпайын түгендеген этнограф-ғалым Өзбекәлi Жәнiбековтiң 80 жылдық мерейтойына арналды

Рая ЕСКЕНДIР

Оқушылар сарайында қалалық Бiлiм басқармасының ұйытқы болуымен белгiлi мемлекет және қоғам қайраткерi «збекәлi Жәнiбековтiң 80 жылдығына арналып «Ғасырлар сазы» атты қалалық мектеп оқушыларынан құралған ұлт-аспаптар оркестрлерiнiң байқауы өттi.

Қала мектептерiнде 1–11-сыныпта оқып жатқан өнерпаз балалар бұл күнi ұлттық өнерден құралақан емес екендiктерiн танытты. Олардың орындауларындағы қазақтың халық күйлерi мен танымал композиторлардың күйлерi кештiң танымдық мәнiн тiптi терең көрсете бiлдi. Ұмытылмас тұлғаның 80 жылдығына арналған байқаудың құрметтi қонағы — өмiрзақ Айтбай сөз кезегiн алып, өнерге қанат қаққан өнерпаз ұландардың қарлығаш қанаттарының талмауын тiлеп, ризашылығын бiлдiрдi.

– Ол «Күнi кеше ғана Көкшетауда болып, I Қазақ тiлi құрылтайын өткiзiп қайттық. Сол жиын үстiнде осы қоғамның құрылуына, Наурыздың қайта оралуына ерекше үлес қосқан өзбекәлi ағамызды айрықша еске алдық» десе, белгiлi сатирик Көпен Әмiрбек балаларға үлгi ретiнде ол кiсi жайындағы бiр оқиғаны еске алды.

Кезiнде жоғары оқу орнын бiтiрген өзбекәлi ағамыз Шымкент облысының Келес ауданына қызметке жiберiлген екен. Сол ауылда жүрiп өз еңбекақысына мата, ине-жiп сатып алады. Сендер сияқты оқушылардың арасында байқау ұйымдастырады. өзi сатып алған маталардан киiм пiшiп, оған ұлттық ою- өрнектi кестелеп, тiгедi. Осыдан соң сахнаға шыққан оқушыларды жұрт Алматыдан келген әртiстер екен деп қалыпты.

– Тағы бiр мысал келтiрейiн, өзағаң жұмыс барысында Торғай облысында болыпты. Бiр үйге түсiп, қонақ болады. Қайтарында әлгi үйдiң есiгiнiң алдында жатқан итке тамақ құятын итаяғын қалап сұрап алады. «Обком секретарының мұнысы несi?» деп үй иелерi қайран қалса керек. Сөйтсе, әлгi итаяқ тарихи ұлттық аспаптың бiрi екен. Сендер де, өзағаң сияқты көреген, халыққа тым жақын болыңдар, – дедi сөз арасында Көпен Әмiрбек.

Байқауға келген мектеп оқушылары өнерлерiн көрсетiп қана қоймай, Ө.Жәнiбековтiң замандастарының қызықты естелiктерiн қызыға тыңдады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *