Әлеуметтік желі арқылы талдау жасалды

«БАҚ, мемлекет, қоғам: цифрлық қауіпсіздік пен медиа сауаттылық» тақырыбында өткен орталықазиялық интернет форумда «Қазақстандағы әлеуметтік желідегі өшпенділік тілі» кітапшасының тұсаукесері болды.

Қоғамдағы әлеуметтік желілердің рөлінің артуына орай MedіaNet Халықаралық Журналистика орталығы өткен жылдың мамыр айынан қазан айына дейінгі аралықта фейсбук желі­сінде қазақ және орыс тілдерінде пікір жазатын танымал 20 адамның жазба­сына мониторинг жүргізген.

Ондағы мақсат – этникалық және діни топтарға қатысты әлеуметтік желідегі өшпенділік тіліне контент-талдау жасау болатын. Нәтижесінде қазақ тіліндегі жарияланымдарда діни мәселеден гөрі этникалық мәселе көбірек жазылған. Қазақ тіліндегі жазбаларда ксенофобия деңгейі жоғары екені бай­қалған. Сондай-ақ, мониторинг қазақ­тардың өз арасында негізгі пайдала­натын тіліне қарай ішкі этникалық конфликт бар екенін көрсеткен. Яғни мәселе қазақша және орысша сөйлейтін қазақтардың арасында дейді. Бұл даудың манипуляция құралына айналуы оп-оңай. Мұны қоғамдық деңгейде талқыға салу қажеттігі байқалады дейді маман­дар.

Алыс-жақын шет елден 200-ден аса сарапшы қатысқан аталған форум кибермемлекет пен киберқоғам, факт­чек, еркіндік немесе бақылау сынды тақы­рыптарда еркін пікір алмасуға жағдай жасады.

Осымен тоғызыншы рет ұйымдас­тырылған орталықазиялық интернет форум осы жылдарда 15 мемлекеттен 1500-ге жуық сарапшының, журналист, блогер, ғалым, депутаттар, заңгерлер мен дипломаттардың басын қосып, ең өзекті тақырыптарды бірге талдап, шешім іздеді.

 

Әсел ДАҒЖАН.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *