КІТАП ОҚЫП, АҚША ҰТЫП АЛЫҢЫЗ!

Құрметті кітапсүйер алматылықтар мен «Ақшамның» оқырмандары! Пайғамбарымыздың туған айы Мәулітке орай «Дария» дамыту орталығы осы жолғы «Үздік оқырман» кітап бәйгесін адамзаттың асылы – Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с) арнап отыр.

Бәйгеге қатысудың басты шарты – аталған баспа басып шығарған «Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға – Мұхаммед (с.а.с)» кітабын сатып алып, тіркелу. Содан кейін кітапты мұқият түрде басынан аяғына дейін оқып шығып, тестке қатысасыз. Бәйгеге тіркелу 23 қараша күні аяқталады.

Ал тест 8 желтоқсан күні еліміздің барлық қаласында бір мезгілде болады. Бәйгенің ерекшелігі – сатып алған кітапты оқып, өз біліміңізді тексере отырып, барлық сұраққа мүдірмей жауап беріп, тесттен жоғары балл жинасаңыз, ақша ұтып аласыз!

Ескерте кетейік, бәйге әділетті әрі ашық түрде өткізіледі. Өйткені, бір жылдан бері өткізіліп келе жатқан бәйгеге қатысушы оқырмандар осыған дейін Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», А.Нұрмановтың «Құланның ажалы», «Адамзаттың асыл тәжі», Ә.Есенберлиннің «Қаһар» романдарын оқып, ақшалай жүлдені ұтып алған болатын.

Кітап оқып, өзіңізді тексеріп көріңіз. Жалпы жүлде қоры – 2 500 000 теңге.

Тесттен кейін 1-2-3-орындағы жүлдеге іліне алмаған оқырмандар арасында «Ұмра» ойнатылады.

Байланыс нөмірі:  Алматы: +7 (778) 408-56-49.

 

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close