Әкімдік сайты — жаңа форматта

Алматы әкімдігінің ресми интернет-сайты заманауи талаптармен жаңаша құрылды

Жаңа форматта жұмыс баста­ған интернет-портал сайт құрудың заманауи бағыттарына сәйкес жаңғыртылып отыр. Интернет-ресурстарды, оның ішінде дизайн мен контентті модернизациялау жөніндегі шешім интернет тұтыну­шыларға кең көлемде ақпарат беру мақсатында қабылданып отыр.

Енді сайтта екі меню бар. Жоғарғы менюда сайттың ішкі бөлімдері негізгі ақпараттармен орналасқан. Негізгі бөлімдер мәтінді форматта ғана емесе, тақырыптық белгілеулер арқылы да берілген. Бұл тұтынушылар үшін қай ақпарат қай бөлімде екенін тез табуға мүмкіндік туғызады. Вер­тикальды менюде негізгі сервис түрлері орналасқан. Жаңаша сайт қабылдауға аса жеңіл жасалған және бұрынғы сайтқа қарағанда анағұрлым көп ақпарат жүктелген.

Сайтқа кірушілер www. almaty.kz. пошталық серверін пайдалана алады. Көп рубрикалар жаңартылған. Оларға ең жаңа ақпа­раттар, презен­тациялар, бейне-файл­дар қосылған. Сайттың фотога­лереясы кеңейтілген. Жаңартылған веб-портал нашар көретін қолдану­шыларға арналған нұсқамен, моби­льдік қосымша­лармен, әлеуметтік желіде ақпарат алмасу мүмкіндік­терімен жабдық­талған.

Сайттың жаңа бөлімдерінің бірі – шағын және орта бизнесті қолдау бө­лімі. Бұнда әкімдіктің бизнес қауым­дастықпен бірлесіп атқарып жатқан жұмыстары, жобалары жайындағы жедел ақпараттың бар­лығы болады. Және бір бөлім – аса қажет мемлекеттік мекемелер – ХҚКО, қалалық жедел қызмет, жұ­мыспен қамту орталықтары, пошта, байланыс бөлімшелері жөніндегі анықтамалық.

Аса сұранысқа ие «Әкімге сұрақ» айдары да жаңғыртылып, дамы­тылды. Енді бұнда сурет орналас­тыруға да болады. Бұдан былай басты бетте баспасөз қызметінің баяндары ғана емес, БАҚ-дағы Алматы туралы жарияланымдар орналасатын болады. Осылайша сайт қалалық ақпараттық орталыққа айналып отыр.

 «АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *