«Карантин бітті деп айтуға болмайды»

Ахметжан Әшіров алматылықтарды көпшіліктің игілігі үшін маска тағуға шақырды

Танымал қазақстандық прозашы және драматург, публицист және сыншы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ахметжан Әшіров алматылықтарды карантин режиімінің жеңілдетілгеніне қарамастан, санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.

«Қазір карантин бітті деп айта алмаймыз. Бұл індет әлі біткен жоқ, сол себепті бәріміз, жас та кәрі де, бетперде тағып жүруіміз керек. Ол өзіміз үшін, жанашырлық танытып бір-бірімізді қорғау үшін қажет. Карантин әлі де бар. Бұл уақытша шара деп есептейміз. маска тақпай жүретін күндер алыс емес деп ойламыз. Біз, үлкендер айтқан ақылды жастар тыңдау керек. Сақтық шаралары өзіміз үшін, балаларымыз, аналарымыз бен жақындарымыз үшін, денсаулығымыз жақсы болып, өмірді жақсы өткізу үшін қажет. Карантин ережесінің жеңілдетілгеніне біз қуандық. Көп ұзамай індет жоғалып, үкімет болып, ел болып еліміз үшін бұрынғыдай еңбек етеміз деп ойлаймын. Ал қазіргі таңда, карантин ережесін ұстанып, сақтық шараларын қолданып, талап пен кеңестерге бағынып жүруіміз қажет. Бұл шараның барлығы ортақ игіліктер үшін қолға алынып жатыр», — деді Ахметжан Әшіров.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *