Көшпелі баспасөз жиыны өтті

Кеше Орталық Коммуникациялар қызметі Алматы қаласы әкімдігінде шаһарда «Kazakhstan Urban Conference – 2019» өткізу жөнінде көшпелі баспасөз конферециясын өткізді.

Оған Kazakhstan Growth Forum төрағасы Елдар Әбдіразақов, «Adam Damu» Еуразиялық гуманитарлық орталықтың» төрайымы Аида Әлжанова және Kazakhstan Urban Conference ұйымдастыру комитетінің мүшесі Арташес Григорьян қатысты.

Kazakhstan Growth Forum төрағасы Елдар Әбдіразақов аталған шараның уақыт талабына сай қалалардың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асырудағы жыл сайынғы пікірталас алаңы екенін атап өтті.

  • Біз қаланы дамыту – шаһардың, биліктің, бизнес-құрылымдардың бірлесіп атқаратын ортақ жұмысы екеніне сенеміз. Сондықтан Қазақстан қалалары тұрғындарының осыны түсінуін және процестерге белсенді түрде қатысуын қалаймыз», – деді Е.Әбдіразақов.

Ал «Kazakhstan Urban Conference – 2019» ұйымдастыру комитетінің мүшесі Арташес Григорьян конференцияның бағдарламасымен таныстырды.

  • «Kazakhstan Urban Conference – 2019» конференциясында экология, қауіпсіздік, қала көлігінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланады. «2050 жылы Алматының келбеті қалай өзгереді?», «Алматы 5 млн. тұрғынға метроөңір бола  ала ма?» деген сұрақтар жеке талқыланады, – деді А.Григорьян.

Мегаполис үшін жоғары білікті жұмыс орындарын құру проблемалары және сарапшылар қауымдастығы мен әкімдіктің ортақ іс-қимылының  тәжірибесі панельді пікірталас форматында қаралмақшы. Сонымен қатар, еліміздегі коммуналдық сектор қызметін дамыту жөнінде сараптамалық баяндамалар ұсынылады.

Қараша айының соңында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының алдағы 30 жыл ішіндегі дамуының жобасын ұсынған болатын. Оны нақтылы бекіту үшін талдаушы топтар, қоғамдық қорлар, түрлі салалар сарапшылары және қала тұрғындары «Алматы – 2050» даму стратегиясы концепциясының жобасын белсенді түрде талқылады. Ал сайтқа бастамашыл қалалықтардан шамамен 1077 ұсыныс түсті.

«Kazakhstan Urban Conference –2019» шарасы кезінде панельді сессиялардағы пікірталастарға шамамен үш жүздей адам қатысады. Олардың арасында азаматтық қоғам белсенділері, мемлекет қайраткерлері, сарапшылар, бизнес және қоғам өкілдері бар.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *