ҰҚК Шекара қызметінің авиациялық базасына – 85 жыл

Тамыры тереңде жатқан Шекара қызметінің авиациялық базасы биыл 85 жылдық мерейтойын атап өтті. Наурыз қарсаңында өткен аталмыш шараға Әуе күштерінің ардагерлері, басқа да әкімшілік лауазым иелері қатысты.

1933 жылдың 23 наурызында Әскери Әуе Күштерінің ұшақтарын күресте қолдану үшін Шығыс округі жоғары шекара басқармасының 14-ші авиажасағы Иркутск қаласы маңындағы Белая станциясына орналасты.1942 жылы ол «9 авиациялық база» аталып, Алматы облысындағы Бурундай ауылына ауыстырылды.

Сонымен қатар, ТМД елдері арасында ІІ дүниежүзілік және Ауған соғыстарына қатысқан терең тарихы бар бірінші авиациялық әскери бөлім.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан ҰҚК Шекара қызметінің Авиациясы әуе барлауын жүргізу, іздестіру, патруль, қызмет (топ) шекара бөлімшелеріне десант түсіру, ұрыс жағдайында әскери бөлімдердің әскери қызметшілерін қамтамасыз ету, мемлекеттік шекара тәртібін қарулы күштердің бұзуына жол бермеу және жаралы адамдарды, техника, кару-жарақ, материалдық құрал тасымалдау секілді жұмыстармен айналысқан. Мемлекеттік шекараны қамтамасыз ету барысында іздестіру-құтқару іс-шараларын үздіксіз жүргізіп келеді.

Қазіргі таңда аралас авиациялық эскадрильялары, Астана, Ақтауда болса, авиациялық және тікұшақ отрядтары Қызылорда, Шымкент қалаларында орналасқан.

Бірінші Авиациялық база заман талабына сай әскери техникалармен жабдықталынған. Тәуелсіздік алған уақыттан бастап шекара қызметі 2 ұшақ (Ан-74Т-200А, супер ДЖЕТ RRJ-95LR-100), 7 тікұшақ (Ми-171Ш, Ми-171Е), сатып алса, ҚР Қорғаныс Министрлігінен 9 ұшақ (Ан-26, Ан-2, Як-42Д) берілген.Сондай-ақ, 11 тікұшақ (Ми-8МТ), 11 ұшақ (Ан-26, Ан-72, Як-40, Як-42, Ан-2) модернизациядан өткен.

Мемлекеттік шекараны қамтамасыз етуде жоғары санаттағы ұшқыштар мен штурмандар қызмет атқаруда. Онда 635 әскери қызметшілер мен басқа да қызметшілер болса, олардың ішінде 133 адам – ұшу құрамында.

Тәуелсіздігімізді алған уақыттан бері 62 экипаж командирі, 54 штурман, 66 борттехнигі, 45 борт-радист, 51 экипаж командирінің көмекшілері дайындалды.

«Қалқан», «Нелегал», «Қақпан» шекара және ведомствоаралық операцияларына ұшқыштар белсенді атсалысты.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бірінші Авиациялық базасының 85 жылында 4 офицер «Ленин», 21 офицер, 2 сержант «Қызыл ту», 6 офицер «Отанына қызмет еткені үшін», 19 офицер «Қаһармандығы үшін», 3 офицер «ІІ-дәрежелі Айбын» ордендерімен марапатталса, 120 офицер, 5 прапорщик,                          1 сержант «Жауынгерлік еңбегі үшін», 4 офицер «Жауынгерлік ерлігі үшін», 1 офицер «Ерлігі үшін» медалімен ұлықталған.

 

 

Серік Төлеуханов

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *