Көлiктi газға көшiруде Алматы өзге қалаларға үлгi көрсеттi Алматы қаласының әкiмдiгi мен «КазТрансГаз» АҚ iскерлiк байланыс туралы меморандумға қол қойды

Әйгерiм САУЫТБЕК

Алматы қаласының әкiмдiгi мен «КазТрансГаз» АҚ iскерлiк байланыс туралы меморандумға қол қойды.

Аталған меморандумның мақсаты – қалдағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ету, газбен қамтамасыз етудi қауiпсiздендiру және қоғамдық көлiктi экологиялық таза отынға көшiру.

Алматы қаласының Әкiмi Ахметжан Есiмов мегаполистiң экология саласындағы мәселелердi шешуi — қала басшылығы үшiн басты мiндеттердiң бiрi болып келетiнiн атап өттi. Аталған келiсiм, әуелгi кезекте, шаһардағы ауа тазалығын жақсарту мақсатында жасалып отыр.

Меморандум аясында негiзгi үш бағытта әрiптестiк орнату көзделуде. Бiрiншi кезекте – екi жыл iшiнде жылу-энергетикалық кешеннiң кәсiпорындарын табиғи газға көшiру. Атап айтқанда, алда келе жатқан жылу беру маусымында 1-ЖЭО нысанын газға көшiру жоспарлануда.

Бiрiккен әрiптестiктiң екiншi бағыты – бiрiншi муниципалды парктi және газбен жүретiн автокөлiктердi отынмен қамтамасыз ету үшiн Алматы қаласында газбен жабдықтайтын стансалар салу. Бүгiнгi таңда қалада газбен қамтамасыз етушi бiрақ станса жұмыс iстейдi. Жалпы, Алматыда тағы 5 станса салу жоспарланып отыр. Оның бiреуiнiң құрылысы бүгiнде басталды.

Үшiншi бағыт – жеке секторды газдандыру. Қала Әкiмi бүгiнгi таңда Алматының жеке секторының 80 пайызы газдандырылғанын атап өттi. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғастырылатын болады.

– Бiз «ҚазТрансГаз» АҚ-мен бiрге ауқымды жұмысты жүзеге асырдық. Қаланың 80 пайызы газбен қамтамасыз етiлдi. Ендi бiз келесi жылы осы жұмысты мәресiне жеткiзудi жоспарлап отырмыз. Бiздiң қалада залалды қалдықтардың 80 пайызға жуығын автокөлiк, 8 пайызын жеке сектор шығарады. Меморандумда көрсетiлген әрбiр мiндет жүзеге асқан кезде бiздiң қаламыздың экологиясы, әрине, жақсарады, – дедi Ахметжан Смағұлұлы.

Аталған меморандумды жүзеге асыру аясында 2-ЖЭО нысанын Алматы қаласынан тыс жерге ауыстыру және оның 2012-2013 жылу беру маусымында жылы жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету де қарастырылған.

«КазТрансГаз» АҚ-ның бас директоры Нұрбол Сұлтан көлiктi газға көшiру бастамасын Алматы қаласы көтергенiн айтып, шаһар осы бастамасымен республикамыздың басқа қалалары үшiн үлгi болып отырғанын атап өттi. Бүгiнде, «КазТрансГаз» АҚ республика бойынша 95 газбен қамтамасыз етушi стансалар салуды жоспарлап отыр.

Алматы қаласының әкiмдiгi мен «КазТрансГаз» АҚ арасындағы iскерлiк байланыс туралы меморандумға әкiмдiк тарапынан қала Әкiмiнiң орынбасары Ербол Шорманов, ал, компания тарапынан «КазТрансГаз» АҚ-ның бас директоры Нұрбол Сұлтан қол қойды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *