«КӨКБАЗАР» КӨЗ ТАРТЫП ТҰР

whatsapp-image-2017-02-24-at-14-38-12-1

Алматы қаласында «Көк базар» сауда орталығының ресми ашылуы өтті. Нысан сауда базарларын жаң­ғырту бағдарламасының шеңбе­рінде пайдалануға енгізілді. Павильонның алаңы шамамен 20 000 шаршы метрді құрайды, оның 10 000 шаршы метрін сауда алаңы және 10 000 шар­шы метрін – 400 көлікке арналған екі белдеулі тұрақ құрайды. Жобаның құны шамамен 2,5 млрд. теңгені құрады, 500-ден астам жұмыс орын­дары құрылды.

whatsapp-image-2017-02-24-at-14-38-12-2

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инно­вациялық даму басқармасы өкілдерінің айтуынша, 11 базар­ға жаңғырту жұмыстары («Олжа», «Сәлем», Ақсай-3, «Алатау-1», «Алатау-2», «Еуразия», «Юпитер», «Довун», «Ақжар», «Орбита», «Қара­су») жүргізілген. Сондай-ақ, бүгінгі таңда 5 базарға («Қарқара», «Мех­рениса», «Саяхат», «Тастақ», «Ақ-Бұлақ») жаңғырту жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. Сауда орталықтарының құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан басқа, 40 базар жаңғыртуды 2022 жылдың аяғына дейін аяқтайды.

Алматы қаласында барлық сауда базарларын жаңғырту мемлекет басшысының сауданы заманауи үлгіге ауыстыру жөніндегі тапсыр­масын орындау үшін жүр­гізілуде.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *