Әйелдерге ақ дастархан жайылды

4058 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерейлі мерекелердің бірі де бірегейі. Биыл да атаулы күнге орай, бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткен ардақты аналар, ақ жаулықты әжелер, әдемі де аяулы қыз-келіншектер асқан құрметке бөленіп, құшақтары гүлге толды.

Мереке қарсаңында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов алтын құрсақты Батыр Аналарға, аудан өмірінің әр саласында табысты еңбек етіп жүрген аруларға арнап «Қазақстан» қонақ үйінің мейрамханасында ақ дастархан жайды. Бұл күні оларға қандай мақтау, қандай теңеу, қандай тілек айтылса да жарасымды еді. Сахнаға еліміздегі танымал әнші-жұлдыздар –  Мақпал Жүнісова, Фарида Құдайбергенова және «Заратуштра-бэнд» тобы  бірінен соң бірі шығып, ақ тілектерін жолдап, әсем әннен шашу шашты. Өз кезектерінде жиналған әйелдер мерекелік көңіл-күйдің әсерінен ортаға шығып ән салып, би де биледі.

Сонымен қатар, әйелдер мерекесі қарсаңында аудан әкімі С.Мәкежанов аудандағы ПИК-терді басқаратын 20 әйел басшыға алғыс хаттар мен сыйлақтарды табыстады. Бұдан бөлек, аудандағы көпбалалы бес ана «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталды.

Мәншүк БЕКБОСЫН

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *