ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ХАЛЫҚ АРАСЫНДА

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Алатау ауданында азаматтарды қабылдады

Тоғызыншы қаңтар күні Алматыда жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаттары, мәжіліс вице-спикері, «Nur Otan» партиясы фракциясы басшысының орынбасары Гүлмира Исімбаева мен «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Серік Құсайынов Алатау аудандық партия филиалында сайлаушылармен кездесу барысында азаматтарды қабылдады.

Нұрлан СҮЙІН

Алматыдан сайланған халық қалаулыла­рының азаматтарды қабылдауына «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Станислав Кан­куров, «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Шахмерден Рыспаев, Алатау ауданынан сайланған қалалық мәслихат депутаты Нурия Ниязова, Алматы қаласы басқармалары мен департаменттерінің, БАҚ өкілдері қатысты.

Мәжіліс депутаттары жиырмаға  жуық сайлаушыны қабылдап, өтініштерін тыңдады. Кездесуде негізінен жер учаскесін, тұрғын үйді алу, сондай-ақ, АӘК жәрдемақыны рәсімдеу, медициналық сақтандыру және тұрмыстық, әлеуметтік сипаттағы мәселелер көтерілді.

Мысалы, «Шаңырақ» шағынауданында он бес жыл тұрып жатқан Алатау ауданының тұрғыны Ырысхан Бастаубаева көшені жарықтандыру және үйге кәріз жүргізу мәселесі бойынша білдірген өтініші аудан әкімі Ш.Рыспаевтың, қалалық басқарма өкілдерінің араласуымен оң шешімін тапты.

– Біз бүгін Алатау ауданында азаматтарды қабылдадық. Аудан негізінен жекеменшік сектордан тұрады және халық тығыз орналас­қан. Аудан тұрғындарының басым бөлігі қарапайым еңбек адамдары мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар. Аудан 10 жыл бұрын ашылып, осы жылдар ішінде көптеген жұ­мыстар атқарылды. Жол, кәріз және жарық­тандыру жұмыстары жүргізілді. Ауданда инфрақұрылым мәселесі жақсы шешілуде. Дегенмен, азаматтардың тұрғын үй, газбен жабдықтау, көшені жарықтандыру сияқты   жекелеген мәселелері бар. Сондай-ақ, бүгін тұрғындар коллекторлардың қызметіне қатысты мәселе көтерді. Біздің заңнамаларға назар аударуымызды талап ететін мәселелер де баршылық екен. Менің ойымша, бүгінде бірқатар жергілікті жерлерде, яғни қала, аудан шеңберінде шешуге болады. Жергілікті мемлекеттік органдар осында көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын қарастырады, біз өз тарапымыздан бақылауда ұстаймыз. Ал жалпы  көптеген сұрақтар ауданда, қалада шешімін тауып жатыр екен. Ең бастысы, қабылдауға келген әрбір азаматты тыңдап, сұрағына егжей-текжейлі кеңес беру қажет. Келуші өз мәселесі бойынша кімге жүгінуі керектігін білуі керек, – дейді Г.Исімбаева.

Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшелерінің сайлаушылармен кездесуі жалғасып жатыр.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *