«ГАЗЕТ ОҚЫМАСАМ, ҚОҢЫЛТАҚСЫП ҚАЛАМЫН»

316Күн сайын туысқан­шылап қыдырмай­тынымыз анық қой. Кейде тіпті жақын­дарымызбен  айлап, жылдап көріспей жа­та­мыз. Ал атаулы мерекелерде бала-шағаға сыйлығымызды алып, үлкен аға-апаларымызға сәлем беріп қайтуды біздің отбасымыз дәстүрге айнал­дырған. «Сабақты ине сәті­мен» демекші, жаңа жылдары­мен құттықтап, өткен жолы Нұрмұхамет құданың шаңырағында арнайы қонақ болған жайымыз бар. Алматының шеткі аудандарының бірінде тұратын ағайымыз ашық-жарқын қарсы алды. Олар менің «Ақшамда» жұмыс істейтінімді білетін еді. Өйткені, 2013 жылы біздің газетті арнайы жаздырып алған болатын. Дастархан басында әңгіме ауанын біздің басылым жайлы өрбітті. Газетті үзбей оқитынын, барлық қаламызға қатысты жаңалықты осы басылым арқылы  біліп отыратынын тілге тиек етті. Тіпті, біздегі тілшілердің біразының аты-жөнін жатқа айтып: «Мәншүк Бекбосын – менің оқушым, жақында «Серпер» сыйлығын алыпты», – деп бір қайырып қойды әңгімесін. – Н.Ораздың әңгімелері, Қ.Аймаханның, Н.Байсақалдың мақалаларын, Ж. Шыныбековтың ене мен келін жайлы мақаласын оқыдым. Газет бетіндегі түрлі тағдыр иелерін мысалға ала отырып, біреудің қателігі біреуге сабақ екенін балам мен келініме айтып отырамын. Тарихи тұлғалар туралы да көп насихатталады. Газеттің айтар ойы көп, ауқымы кең. Ақпараттың барлығын бір «Ақшамнан-ақ» біліп жатырмыз, десем де болады. Р.Ескендірдің білім саласына қатысты мақалалары арқылы таныстарының түрлі сайыс­тарда жүлделі орындар алып, лауреат атанып жатқандарын біліп оты­ратынын айтуды да ұмытпады. Басқа басылымдарды да реті келсе сатып алып оқитынын айтып, «газет оқымасам, тұншығып кетемін» деп ағынан жарылды құдамыз. 

Ақсақалдың риясыз көңіліне алғысымды білдірдім. Халық игілігі үшін қызмет ететін басылымға деген құрметіне тәнті болдым. Тәнті болдым да, мен де ол кісіге әріптестерім жайлы жақсы ой түйгеніне ризашылығымның куәсі ретінде биылғы жылға жаздырып беруге уәде еттім.

…Ал бізде кітап емес, газеттің бетін ашпайтын жандар да бар…

Құралай ИМАНБЕКҚЫЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *