Ерекше балаларға қайырымдылық көрсетті

Рая Ескендір

Адамның ең асыл қасиетінің бірі- біреуді қуантып, жанына жылылық  сыйлап, көңіліне қуаныш, жүрегіне үміт отын жағу болса керек. Осындай қасиет бір басынан табылатын жандар жан-жағымызда толып жүрсе де,кейде пендешілікпен көрмей қалып жатамыз.

Қашанда қолындағысын өзгемен бөліскісі келіп тұратын азаматтарымыздың бірі, бүгінгі күннің «Атымтай жомарты» Ержан Есенгелдіұлын танитындар қашанда оның есімін ерекше ілтипатпен атап, құрметтерін білдіріп жатады. Міне, қайырымды азамат тағы да бір сауапты іске ұйтқы болып,қаланың кішкентай тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлап отыр.

Қаламыздағы №2 балабақшаның балақайларына арнап, «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшесі, «Baq bereket» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ержан Есенгелдіұлының ұйымдастыруымен  қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.Ерекше балалар тәрбиеленетін бұл мекеме үшін аса қажетті деп танылатын жабдықтардың балалар үшін өзіндік маңызы ерекше. Осы іс-шара барысында балалардың эмоционалды, әлеуметтік дамуына қолайлы жағдай жасау және олардың жағымды жеке қасиеттерін қалыптастыру үшін арнайы жұмсақ доптар мен фитнес шарлар, ірі конструкторлар, ойыншық көліктер мен екіжақты магнитті тақталар табысталды Жалпы, өткізіліп отырған қайырымдылықтың басты мақсаты – ерекше балаларды күнделікті психологиялық жаттығулар мен бала денсаулығына қажетті ойыншықтармен қамтамасыз ету. Сондықтан осы игі шараға  кәсіпкердің жеке қаражатынан 200 000 тенге бөлінді.

— «Біздің балабақша ұжымының  сұранысын  елеусіз қалдырмай, арнайы келгендеріңіз үшін алғысымызды айтамыз», — деп №2 балабақша меңгерушісі Гүлнар Ахметжанқызы өз ризашылығын білдірді.-Балалар- біздің болашағымыз десек, сол жарқын болашақтың келешегіне барлығымыздың аса жауапкершілікпен қарағанымыз дұрыс. Бұл- біздің үлкен азаматтығымызды білдірсе керек,- деген кәсіпкер балабақша ұжымымен әлі де байланыста болатынын жеткізді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close