Ер Қазымбет

(Қабанбай батырдың туын ұстаған адам)

Басылымның жаңа жылдық санында алдағы бағытымызды анықтай оты­рып, тұлғатану үрдісі жандана беретінін айт­қанбыз. Қай  халықты болсын алға бас­тайтын, биікке шығаратын оның тұлғалары. Олар кеше де болған, бүгін де  бар, бола­шақ­та та бола береді. Тұлғаға құрмет – елге құрмет. Сондықтан олардың биік рухы, елге берер терең  тағылымына  негізделген жарияланымдар жалғаса береді. Бүгінгі қарт оқырманымыз жолдаған деректі осы  мақсатпен жариялап отырмыз.

 

Найман деп аталады арғы тегі.

Болмаған бір-біріне ешбір кегі.

Аржағын тереңірек сұрасаңыз,

Таралған Орта жүзден барлық тегі.

Байыстың бәйбішесі Мұрын еді,

Ақылды бес Байыстың құлыбы еді.

Кемеңгер асыл туған бұл ананың,

Қадірін бүкіл Найман біліп еді.

Мұрынды тізе берсең маңғазы көп,

Бай, батыр, би, бағлан, сарбазы көп.

Баурында Үш Шәулінің өлген екен,

Қазақтың туын жықпай Ер Қазымбет.

Өмірде ажал жетсе кім өлмеген,

Шыңқожа, Шөмекей де шідерленген.

Қос жебе өндіршектен қадалса да,

Қазымбет тудың  сабын  жібермеген.

Бұл Найман шежіресінен алынған шын­дық. Ел арасында Қазымбет батыр туралы көп әңгімелер бар. Соның бірін жазайын.

Ұрыста Қазымбеттің ортан жілігін үзіп жіберген екен жаудың құралы. Сонда Қазым­бет жаралы аяқты қанжығаға байлап алып, ұрысқа кірген, соның ерлігін көзбен көргендер «Қайсар Қазымбет» атаған дейді. Негізгі мекені – Тарбағатайда, Китінқара тауында.

 

Т.АҚАТАЕВА,

зейнеткер.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *