Ел дамуының ендiгi бағыты – «жасыл экономика»

Ербол ТҰРЫМБЕТ

2Қала әкiмдiгiнде шаһар басшысы Ахметжан Есiмов Елбасының Парламенттiң бесiншi шақырылымының үшiншi сессиясында айтқан тапсырмаларына байланысты жиын өткiздi. Салалық басқармалар, аудан әкiмдерi және басқа құрылым басшылары қатысқан ауқымды отырыста қала әкiмi негiзгi деген мәселелердi қаперге алып, оларды шешу, жетiлдiру бойынша тапсырмалар бердi.

Алматылықтардың жағдайы бүкiл ел тұрғындарынан 2 есе жоғары

Айта кетейiк, мемлекет басшысы Парламент сес­сиясында ел дамуына байланысты тиiстi органдарға бiрқатар тапсырмалар жүктеген едi. Елбасы мәлiм еткендей, алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, елiмiздiң IЖӨ 5 пайыздан асқан және жан басына шаққандағы мөлшерi 12 мың АҚШ долларынан асып жығылған. Бүкiл әлем дағдарыс кейпiн киiп, сонымен бiрге, дамыған мемлекеттердiң өзi дамудың төменгi қарқынына тап болып отырғанда, бұл межелер бiз үшiн айтарлықтай жақсы көрсеткiштер болып табылады.

Ел бойынша қалыпты деңгейге бағаланған осындай сандардан кейiн алып шањарымыздың жағдайына көз салсақ, мұнда да ахуал шиеленiстi күйде емес екендiгiн оңай аңғарамыз. Мәселен, Алматы қаласының жалпы өңiрлiк өнiмi 5,6 триллион теңгенi құрайды, ал жан басына шаққандағы мөлшерi – 25 мың АҚШ долларына тең. Яғни, алматылықтардың жағдайы бүкiл ел тұрғындарынан екi есе жоғары деген сөз. Дегенмен, қала басшысының айтуынша, осы жетiстiктермен тоқтап қалуға болмайды.

– Қаламыздың шағын және орта кәсiпкерлiктiң орталығы екенiн жақсы бiлемiз. Тек, ағымдағы жылдың 7 айы iшiнде шағын және орта кәсiпкерлiк арқылы 268 млрд. теңгенiң өнiмi өндiрiлдi. Бұл бүкiл республика өнiмiнiң үштен бiр бөлiгi. Сонымен бiрге, салық түсiмдерiнiң 65 пайызын осы шағын және орта кәсiпкерлiк берiп отыр. Жақында Президент кәсiпкерлiк кодексi және рұқсат беру құжаттары мен қоғамдық бiрлестiктер, бизнес-қауымдастықтардан түсетiн хабарламалар туралы Заң жобасын дайындау жөнiнде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, барлық ұсыныстарды ескерiп, оларды Iскерлiк кеңесте талқылап, содан шығатын өз ұсыныстарымызды Үкiметке жолдауымыз керек, – дедi Ахметжан Смағұлұлы.

Айта кетейiк, Елбасының шағын және орта бизнеске байланысты тапсырмаларын Алматыда ойдағыдай жүзеге асыруға толық мүмкiндiк бар. Шањар басшысы айтып өткен Iскерлiк кеңес дәл осы кәсiпкерлiк саласында туындайтын түрлi күрмеулi мәселелердi талқылайды, шешу жолдарын қарастырады. Аталған кеңес құрамына iрi-iрi кәсiпкерлiк қауымдастықтарының өкiлдерi кiредi. Осы саладағы қол жеткен табыстардың бiрiн айтсақ, былтыр Алматыда рұқсат беру құжаттары 30 пайызға дейiн қысқарды. Ендiгi ретте, сол айтылған Iскерлiк кеңес мүшелерi рұқсаттама құжаттарынан бөлек, хабарламалық құжаттар бойынша қалыптасатын мәселелердi шешуге ойыса бастады.

Заманауи техникаларға жетiкпiз, жоғары бiлiктi мамандарға ше?

Соңғы жылдары қаламызда 65 әлеуметтiк нысан қолданысқа берiлген екен. Бұл мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханалар соңғы шыққан заманауи техникалармен жабдықталған. Осы орайда, қала әкiмi жаңа техникалардың қаншалықты тиiмдi әрi орынды қолданылып жатқандығы, сонымен қатар, жаңа техникаларды толыққанды меңгерiп, жұмыс iстей алатын жоғары бiлiктi мамандардың бар-жоғына да назар аудару керектiгiн атап өттi.

Сонымен қатар, қала басшысы «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының жұмысын жандандыра түсу, қаладағы электр тұтынушылығының тиiмдi жолдарын қарастыру жөнiнде тапсырмалар бердi. Сондай-ақ, атап өтерлiк бiр жағдай, Алматы қаласы елiмiздiң ғылыми да орталығы болып саналатындықтан, мұндағы жастардың потенциалын жаңа, тың идеялар тұрғысынан ұтымды пайдаланып, сонымен бiрге, 2017 жылы өтетiн әлемдiк ЭКСПО көрмесiне дайындық жұмыстарын қолға алуды тапсырды.

Жасыл экономикаға қадам басудың бiр тетiгi ретiнде қаламызда электр қуатын үнемдеу бағыты қолға алына бастағалы 3 жылдың жүзi болды. Қазiрдiң өзiнде қуат үнемдеу техникаларын енгiзу арқылы Алматы қаласында жыл басынан берi 20 млн. киловатт сағаттық үнемге қол жетiп отыр. Мұны қаржылай мөлшерге айналдырсақ, 400 млн. теңге қазынада қалды деуге болады. Осыған байла­нысты шањар басшысы орынбасары Ербол Шормановқа электр қуатын үнемдеу жүйесiнiң жетiлдiрiлген нұсқасын мәслихат қарауына ұсынуды, одан бөлек, аудан әкiмдiктерiне жұмыс барысына энергоменеджмент жүйесiн енгiзудi тапсырды.

30 мамыр күнi Елбасы Қазақстанның «жасыл эко­номикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдамасын бекiту туралы Жарлыққа қол қойған едi. Тұжырымдаманы әзiрлеуге мемлекеттiк органдар, халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдар өкiлдерi барынша атсалысқан болатын. 2017 жылғы ЭКСПО көрмесiндегi басты ұстанымымыз саналатын жасыл экономиканың бастама­лары Алматыда қолға алынғанына бiраз болды. Бұл ретте, әңгiменiң газбен жүретiн, экологиялық таза қоғамдық көлiктер жайында екенiн түсiнiп отырған боларсыздар.

Үлескерлердiң үмiтi ақталды

Қала әкiмiнiң назарынан талай жыл жыр болған үлескерлер мәселесi де тыс қалмады. Айта кетерлiгi, қазiргi уақытта үлескерлердiң күрделi жағдайы қалыпқа түскен. Егер 2008 жылы Алматыда 16 200 үлескер болса, бүгiнде олардың саны 680-ге дейiн қысқарған. Қиын жағдайға тап болған 132 құрылыс нысанының қазiр небәрi 5-еуi ғана қалған. Оның үстiне, бұл бесеудiң де шешiм жолы табылып тұр. Дейтұрғанмен, Ахметжан Смағұлұлының айтуынша, кей мердiгер компаниялар қитұрқы жолдарға да барып жататын көрiнедi. Сондықтан, бұл мәселеге де жiтi қадағалау болуын тапсырды.

Мемлекет халықты тұрғын-жаймен қамтамасыз етудi күн тәртiбiнен түспейтiн мәселе ретiнде қарап келедi. Бұл орайда соңғы жылдардағы құрылыстар қарқыны жоғары. Биылдың өзiнде жыл басынан берi 8 айда 580 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берiлсе, жыл соңына дейiн бұл меженi 800 мың шаршы метрге дейiн жеткiзу жоспарланып отыр.

Тегтер
Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *