Энергетиктер сайысқа түсті

Алматы қаласы мен облысының 2,5 мил­лионнан астам тұрғынын электр  энер­гиясымен қамтамасыз етіп отырған  «Алатау Жарық Компаниясы»  өз қызметкерлері арасында кәсіби шеберлік чемпионатын өткізді. Яғни энергетик­тердің кәсіби біліктілігі мен білімі тексерілді. Бүгінде бұл компанияда 4 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Жарыста біліктілігін көрсетуге аймақтардан 17 команда қатысты. Мамандар 10 мың вольттік электр желісіндегі ақауды жылдам жөндеу, тоққа түскен адамды құтқару, 10 киловольттік құралды қосып-ажырату сынды 5 түрлі тапсырманы орындаудан жарысқа түсті.

Мәншүк БЕКБОСЫН

Шараға қатысушылар бұл жарыс компания қызмет­керлері үшін үлкен мереке екенін айтады. Олар жарыс алаңында қарсылас болғанымен, қызмет бабында құрметті әріптес екендіктерін де естен шығармайды.

– Энергетика саласы – уақытпен санас­пайтын, асқан жауапкершілікті талап ететін, жүгі ауыр қызмет. Энергетика жұмысының маңыз­дылығына баға жетпейді. Олардың еңбектерінің арқасында тұрғындардың үйлері жайлы да жарық, ұйымдар мен мекемелер қалыпты қызмет етеді, әрбір тұтынушыға қажетті жарық беріледі, – дейді «Алатау Жарық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мұхит Үмбетов.

Жарыстың барлық кезеңдері командалар арасында тартысты өтті. Нәтижесінде лайықты командалар жүлделі орындарға ие болды. Жарыс алаңында өздерінің шеберліктерін дәлелдеген Қарасай АЭЖ бірінші орынға жайғасты. Екінші орын — АЭЖ-3-ке бұйырды. Ал үшінші орынды — Талғар АЭЖ иеленді.

«Апат айтып келмейді» дегендей, мамандар келеңсіз жағдайларға әр уақытта дайын болуы керек. Бүгінгі сайыс осы дайындықты шыңдайтын, тәжірибе алмасатын алаң болды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *