Ең алдымен – ел қамы, содан кейін қалғаны

Қадыр Мырза-Әлі

 

Отаныңнан қанша шақырым

ұзасаң,

Сонша шақырым рухани

жақындай түсесің.

 

***

Туған жердің табиғаты мен

өз табиғатың – бір табиғат.

 

***

Ұлтын сүймеген ұл –

Рухани құл.

 

***

Істеген жақсылығың

Өзіңнен кейін де өмір сүреді.

 

***

Ер – еліне,

Ел – жеріне тартады.

 

***

Есіру – ерлік емес,

Шегіну – жеңілу емес!

 

***

Елді сүйе білу аз,

Ел үшін күйе білу де керек.

 

***

Үйдің іргесін азамат қалайды,

Кірпішін әйел қалайды.

 

***

Кішкене халықтың ұлына

Үлкен жүрек керек.

 

***

Адамзатты сүю

Ұлтты сүюден басталады.

 

***

Рухы биік елдің ғана

Еңсесі биік.

 

***

Ұлттық намыс –

Ұлы намыс.

 

***

Уықты – басқұр,

Ұлтты дәстүр ұстайды.

 

***

Өлім – біреу, өмір – біреу.

Отан – біреу.

 

***

Ұл Еліне,

Елі ұлдарына лайық

болуы керек.

 

***

Балық – көлінде,

Халық – елінде бақытты.

 

***

Отанның өзі отаулардан

тұрады.

Өйткені, Отан –

қара шаңырақ.

 

***

Қандай болса да тірлік,

Қымбат елге бірлік.

***

Біреу нарын жоғалтады,

Біреу жарын жоғалтады.

Отанын жоғалтқан

Бірден барын жоғалтады.

 

***

Ең алдымен – ел қамы,

Содан кейін қалғаны.

 

***

Ел дегенде емірен,

Тіл дегенде тебірен!

 

***

Туған жердің тоғайы –

тынысың,

Торғайы – туысың.

 

***

Аула – қақпасынан,

Отан отбасынан басталады.

 

***

Үйді қорғау – есіктен,

Елді қорғау

бесіктен басталады.

 

***

Жері кең талтая алады,

Елі мықты шалқая алады.

 

***

Елің мықты болса – өртті

де өшіресің,

Жауды да көшіресің.

 

***

Елдігін көрсете алмаған

ел – ел емес.

 

***

Халқың қалың болса,

Жеті қарыс жалың болады.

 

***

Сүрінсең де, туған

жердің тасына сүрін!

 

***

Ері жоқ Ел – құл,

Елі жоқ Ұл – тұл.

 

***

Өзге дәстүрді сыйла,

Өз дәстүріңді сақта.

 

***

Бақаға көлінен артық,

Кесірткеге шөлінен

артық Отан жоқ.

 

***

Өзара тіл табыспаған халық –

Хал үстіндегі алып.

 

***

Космополит өзін әлемнің

азаматымын деп есептейді.

Өйткені онда Отан жоқ.

 

***

Адамзаттың бақыты

ұлттар мен

Халықтардың бақытынан

тұрады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *