Димаш Данэлияны бетінен сүйіп жұбатты

Жақында АҚШ-та өткен «The Worіd,s Best» халықаралық шоу бағдарламасына Қазақстаннан екі өнерпаздың – Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешованың қатысқаны белгілі. Бірақ бұл әлемдік өнер байқауында жезтаңдай әншіміз Димаш Құдайберген өзіне берілген жолды өз еркімен әлемнің әр қиырынан келген жас өнерпаз балақайларға ұсынды. Жобаға қатысқан екінші бір дарынды жерлесіміз Данэлия Төлешова байқаудың финалына дейін жетті…

Құттыбек АЙМАХАН

Атап өтетіні, Димаш бұл жолы байқауда Лара Фабианның «Adagіo» атты әнін керемет орындап, жұрт көзіне түсе бастаған еді. Дегенмен, ол өзінің байқаудың бас жүлдесін алатынына сенімді бола тұра, әні аяқталған соң-ақ жас таланттардың жолына бөгет болмас үшін жобадан кететінін мәлімдеді. Бұған байқаудың қазылар алқасы да балаларға жол бергені үшін Димашқа шексіз риза болып, оған алғыстарын білдірумен болды. Сөйтіп, аяқ астынан Димаш жобадан шығып кетті. Сонда да байқау соңында залға лық тола жиналған көрермендердің көпшілігі таңдай қақса да, өз дауыстарын Димаш Құдайбергенге бергені белгілі болды.

Әрине, содан кейін әлемнің әр қиырынан жиналған өнерлі балалардың арасында қазақстандық Данэлия Төлешова мен үндістандық Лидиан Радхасварам ғана суырылып алға шыға алды. Алайда, өкінішке қарай төрешілер шешімімен, байқауда жеңіс үндістандық жас пианист Лидиан Радхасварамға бұйырды. Ал аталған америкалық шоудың ақтық сынында біздің әнші қызымыз Данэлия өз әкесінің жақсы көретін сүйікті шығармасы, Пинктің «What About Us» әнін орындады. Ал оның қарсыласы Лидиан Радхасварам болса, белгілі классикалық шығармаларды екі пианинода қатар орындап алға шықты. Бірақ Данэлия әділқазылар шешімімен байқау жеңімпазы атана алмай қалды. Оның орнына бағдарламаның бас жүлдесіне он екі жасар үнділік өнерпаз Лидиан Радхасварам ие болып, ол құны бір миллион доллар болатын байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.

Дегенмен де, бұл жобада қазақстандық өнерпаздар жұрт күтпеген қадамға барып, Димаш Құдайберген ойламаған жерден сахнаға суырылып шығып, дарынды әнші қарындасы Данэлия Төлешованы бетінен сүйіп құттықтады. Бұл алыстағы американдық көрерменнің жүрегін ерекше тебірентіп, қазақ деген ұлттың қос баласына риза болды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *