ДАҢҚТЫ СПОРТШЫНЫҢ СӘЙГҮЛІГІ ЖЕҢІМПАЗ БОЛДЫ

Алматыда «Әкімнің Кубогі» тартысты бәйге жарыстары өтті

Алматының республикалық ипподромында Алматы қаласы әкімінің кубогіне арналған биылғы маусымдағы 11-бәйге күні өткізілді. Қырықтан астам шабандоздар асыл тұқымды аттарын әр түрлі қашықтықтағы жарыста сынады.

Қала тұрғындары мен қонақтары тек сәйгүліктердің ғана емес, пони аттардың да жарыстарын тамашалап, көтеріңкі көңіл-күйде болды.  

Ат жарыстардың нәтижесінде «Әкім кубогін» (4000 м.) екінші жыл қатарынан танымал палуан, Олимпиада жүлдегері, мәслихат депутаты Ислам Байрамуковтың сәйгүлігі – «Зубайыр» жеңіп алды. Оның «Аманат» есімді екінші сәйгүлігі (1600 м.) де қыздар арасында жеңіске жетті.

– Бүгін біздің күніміз оңынан туып тұр. «Зубайыр» жарыстың басынан бастап соңына дейін бірінші келіп, бізді қуантты. Оның жасы 5-те. Оны біз 2014 жылы Америкадан алып келгенбіз. Осындай жақсы нәтиже көрсетіп жатқанына қуаныштымыз. Ол өзіне жұмсалған қаражатты ақтап жатыр. Оның бәрі менің командамның арқасы, – деді Ислам Байрамуков.

Сонымен қатар, «В.В.Иванов құрметіне арналған Луговский Ат зауыты» жүлдесіне арналған жарыста төртінші рет «Гагалык» есімді сәйгүлік ұтса, Қазақстанда туылған 3 жастан жоғары аттар арасындағы гандикап жарысында үшінші рет «Провокация» жылқысы жеңді. Ал Аламан бәйгеде, 21 шақырымдық қашықтықты «Арғымақ» есімді тұлпар ұтса, Нұрым Қырғызбай, Жорға-жарыста (8 шақырымдық қашықтық – «Шұбат» бірінші келді  Нұрбол Шынтаев).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктан бөлек, ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Сондай-ақ, ипподром қонақтары үзіліс кезінде ат жарысының әр түрлерін тамашалап, өздері атпен қыдыртуға мүмкіндік алды.

Ипподром директоры Юрий Кищенконың айтуынша, жалпы биылғы ат жарыс маусымында алматылық республикалық ипподромында 11 жарыс күні өткізіліп, 350 бас асыл тұқымды аттардың бағы сыналды. Биылғы маусымның жабылуы 21-қазан күні өткізіледі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *