Дәрiгерлер отбасы дәрiптелдi

Биыл елiмiзде бiрiншi рет аталып өткен «Отбасы күнi» мерекесiн қалалық Денсаулық сақтау басқармасы да есте қаларлықтай атап өттi

 

Нұржамал ТЕГIНБАЙҚЫЗЫ

Басқарма басшысы Жанат Қасым­жанованың бастамасымен осы мереке аясында әулетiмен дәрiгерлiк маман­дық­ты қалаған ақ желеңдi абзал жандардың отбасылары дәрiптелiп, оларға құрмет көрсетiлдi.

4.2Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң спорт қалашығында өткен бұл iс-шараға университет ректоры Ғалым Мұтанов және қалалық Салауат­ты өмiр салтын қалыптастыру орталығы қолдау көрсеттi. Алматы жұртының ден­саулығын жақсартып, өмiр жастарының ұзаруына өз үлестерiн қосып жүрген дәрiгерлер әулетiн алдымен қаламыздың бас дәрiгерi Жанат Кәкiмсейiтқызы «Отбасы күнi» мерекелерiмен құттықтап, олардың денсаулық сақтау iсiне қосып отырған үлестерiне тоқталып, еңбектерiн айрықша атап өттi.

Саналы ғұмырларын адамның ең басты бай­лығы – денсаулықты сақтау iсiне арнаған ата-аналарының зейнетiнен гөрi бейнетi, қызығынан қиындығы басым дәрi­герлiк мамандығын таң­даған ұл-қыздарды меди­циналық оқу орында­рында оқитын жастарға үлгi-өнеге еттi.

Алматы қаласында тұратын әулетi­мен иық­тарына ақ желең жамыл­ған дәрi­гер­лер отбасы елуге жуықтаса, олардың қа­та­рында Есентай Тә­жиевтер, Қуа­нышбек пен Күләш Нәдiровтер, Талғат пен Роза Құдайбер­генов­тер, Котовтар, Гариф пен Раиля Негаметзяновтар, Сейдумановтар, Дүйсе­кеев­тер әулетi бар.

Денсаулық пен салауатты өмiр сал­тын насихаттап – денсаулықтың ең басты байлық екенiн халыққа қағида етiп таратып келе жатқан дәрiгерлер әулетi «Отбасы күнi» және «Дүниежүзiлiк ден­саулық күнiне» орайластырыла ұйым­дас­тырылған мерекелiк iс-шараға жи­налған жастармен бiрге спорт алаңына шығып, әртүрлi спорттық ойындар бо­йынша жа­рысқа түсiп, жастармен жат­тығу жасады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *