«…Біздерді, депутаттарды оңдырмапсың» деп күлді

Роза МҰҚАНОВА, жазушы-драматург:

– Фариза Оңғарсынова да қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы. Тағдырлы тұлға! Табиғаты бөлек, топты жарып оза шапқан дара жаратылыс. Ол кісінің көзі тірісінде бір сұхбатта айтқаным бар екен. «Қазақта ақын қыздар көп, бірақ Фариза – жалғыз» деп. Қазір де сол ойды қайталауға болады. Мен үшін Фариза – ұлы суреткер, ұлы ақын.

«Мәңгілік бала бейне» пьесам алғаш театрда қойылғанда Фариза апай Мәжілісте депутат еді. Арнайы келіп, гүл шоқтарымен сахнаға шығып, маңдайымнан сүйді де, құлағыма сыбырлап: «Розажан, біздерді, депутаттарды оңдырмапсың» деп күлді. Қайран апам, бәлкім ол кісінің орнында бір шабарман, делқұлы бір депутат болса, ол пьесаны жаптырып тастар еді, кім білсін?! Фариза шын өнерді жоғары бағалайтын, қиянатқа қарсы тұратын, мінезді еді. Сол «Мәңгілік бала бейнеге» Фариза апаның көтеріп келген таудай гүлдері менің әлі есімде. Ол күндер қазір сағынышқа айналды.

 

«Aіqyn», 21.08.2019 жыл.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *