Бас жазу қауіпті

Австралия ғалымдары барға келген 100 адамның қатысуымен көңіл көтеру клубында тәжірибе өткізді. Арнайы тесттің нәтижесінде бас жазудың аса қауіпті екені анықталды.

Дәрігер Сара Бенсонның айтуынша, бас жазудың күнделікті қызметіңізге тигізер зияны шаш-етектен көрінеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге, көлік жүргізуге, басқа да әдеттеріңізге деген қабілетіңізді жоятын жойқын күш.

Сондай-ақ, таңертеңгісін түнімен ішіп жұмысқа бармақ болған еріктілермен жүргізілген онлайн-сауалнама нәтижесі көрсеткендей, олар сұрақтарға өте бәсең жауап берген. Бұдан бұрын да Ольстер университетінің мамандары бас жазудан соң кейбір адамдардың сандырақтап, қарапайым сөздерді ұмытып, қарапайым мәтіндердің өзінен қате жіберіп, дағдарып қалатынын дәлелдеген болатын. Тіпті, мұндай жағдайда көлікке отырмақ түгілі, көшені қиып өтудің өзі де мұң болатынын еске салады.

 

Пайдалы үштік

Асқабақ. Қара өрік. Алмұрт.

Осы күздік үш жеміс түрін пайдалансаңыз, иммунитетіңіз күшейіп, бар ағзаңыздың жұмысы жақсарады.

Мәселен, асқабақты жесеңіз, теріңіз, иммундық жүйеңіз, көзіңіздің көру қабілеті күшейеді. Ал енді бұл жемісті аздаған маймен, қаймақпен қосып жеудің пайдасы екі есе зор.

Қара өрік ағзадан тұз бөліп шығаруға көмектессе, алмұрт асқазанның жұмысына пайдалы, ішектеріңізді тазартады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close