Баланы қуанту – бір бақыт

Дүниеде баланың қиялынан ұшқыр не бар? Баланың қиялындағы әлемге бір мәрте барып қайтар ма еді? Жетісу ауданындағы №2 мектептің 3 «а» сыныбында оқитын Айша Жолымбек өз қиялындағы Аяз атамен жолығып, арманы орындалды. Осынау мереке қарсаңында Жетісу ауданы әкімдігі «Аяз атаға хат» акциясын ұйымдастырған еді. Әппақ қағазға төгілген балалардың аппақ арманы неткен көп еді? Ол хаттардың бірінде балалар Аяз атаны қонаққа шақырса, енді бірі өзіне смартфон керек екендігін, ал тағы бірі циркке барғысы келетіндігін, енді бірі анасының амандығын, тағы бірі биік тауға шыққысы келетінін жазған екен.

Рая ЕСКЕНДІР

Сондай хат иелерінің бірі, кішкентай Айша өзінің арманын ақ қағазға төгіп, Аяз ата мен Ақшақарды үйіне қонаққа шақырған еді. Арманы орындалып, қиялы жүзеге асты деген осы шығар. Қасына Ақ­шақарды ерткен Аяз ата Айшаның үйіне қонаққа келіп, айды аспанға бір-ақ шығарды. Күтпеген қонағын көрген Айшаның қуа­нышында шек болмады. Өзінің жаттап жүрген өлең-тақпағын, әні мен биін орындап, қонақтың көңілін көтерді.

Баласына қуаныш сыйлаған, осындай әсерлі сәтке ұйтқы болған аудан әкімі Мұхтар Тәжібаевқа Айшаның анасының айтар алғысы шексіз. Ананың алғысын алғаннан артық марапат бар ма?

 

Жетісу аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедек балалар және 18 жастан асқан психо-неврологиялық ауытқулары бар мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі 70-ке жуық балаға қызмет көрсетеді. Әлемдегі өзге құрбы-құрдастары сияқты осы балалардың да Жаңа жылды сағына күтіп, Шырша мерекесін тойлағылары келеді.

Сондықтан Жетісу аудан­дық әкімшілігі мен осы аудандағы Жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарла­ма­лар бөлімі «Дубай» мей­рам­ханасының кең залында 45 балаға арнап жаңажылдық Шырша мерекесін өткізді. Бұл күні ертегі кейіпкер­лерінің барлығы балаларды қуанту үшін алыстан арнайы келген екен. Тек теледи­дар­дан ғана көретін мультфильм кейіпкерлерін көзбе-көз көрген балақайлар тіпті аң-таң болып, таңданыстарын жасыра алмады.

Дүниеде баланың қуанышынан артық не бар? Сондықтан ертегі кейіпкерлерін сомдаған әртістер де барынша бала­қай­ларды қуантуға тырысты. Жетісу ауданы әкімінің орынбасары В.Вавилин барша балаларды ең сүйікті Шырша мерекесімен құттықтап, оларға барлық ізгілікті тіледі.

Сонымен қатар, мерекеге қатысуға мүмкіндігі жоқ, төсек тартып жатқан балаларға да сый-сияпат жасалып, үйлеріне сый­лықтар жеткізілді. Мерекенің қызықты өтуіне бөлім қызмет­керлері де белсене атсалысты. Барша балаларды Жетісу аудан­дық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Рахилям Махпирова құттықтады. Барлық балаларға Аяз ата мен Ақшақар тәттіге толы сыйқапшықтарды тарту етті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close