Б.Сағынтаев, қала әкімі: Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету кызметінің жұмысын күшейтеміз

Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қаланың денсаулық сақтау жүйесі жүктемесінің өсуіне орай алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметінің күшейтілетіні туралы мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында жазды.


«Бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылды. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек негізгі салмақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүктелді. Ең әуелі осы қызметке жүгінгендіктен, бұл – медициналық көмек көрсетудің негізі болып табылады», – деп жазды Б. Сағынтаев.
Қала әкімінің мәліметі бойынша, бүгінгі қалыптасқан жағдайда «виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы» ашылды. Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды.
Бұдан өзге Асфендияров медуниверситетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық ашылған.
«Оның міндеті – қауіп тобындағы пациенттерді тәулік бойы бақылау және емдеу. Бұл бізге амбулаторлық деңгейде, әсіресе қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді», – деп жазды Б. Сағынтаев.
Бұл ретте қала әкімі қаланың денсаулық сақтау жүйесіне түсіп отырған жүктеменің артқаны туралы да хабарлады. Тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті, ал бұл індеттің көрінісі ретінде қарастырылуда. Демек, жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны да күрт ұлғайған. Егер мамыр айында 2,5 мың қоңырау шалынса, маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен. Бір бригаданың орташа тәуліктік жүктемесі екі есеге өсіп, 19 шақырымды құрап отыр.
Н.АСЫЛ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *