ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАНКТЕР ТЕКСЕРІСТЕН ӨТЕДІ

Үстіміздегі жылы Қазақстанның ірі банк активтерінің сапасы тексерілетін болады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді. Ол өз сөзінде: «Алдағы уақытта еліміздің банк жүйесіне кешенді тәуелсіз бағалау жүргізілетін болады. Бұл тексеріске шамамен елдегі банктердің 87 пайызын алатын 14 банк енгізілді. Ал осы шілде айының аяғында халықаралық компанияның кеңесшісімен бірлесе отырып, Орталық еуропалық банк әдіснамасын бейімдеу жұмыстары аяқталатын болады», – деп атап көрсетті.

Соған байланысты ол биылғы қаңтар­дан бастап Ұлттық Банк тәуекелге бағытталған қадағалауға көшкенін және төлем қабілеті жоқ банктерді реттеудің толық тізбегі жүргізілгенін атап өте келе: «Бұл жұмыс жүйелік тәуекелдерді төмен­детеді және Қазақстанның банк жүйесіне деген сыртқы инвесторлар сенімін артты­ратын болады. Содан кейін Қазақстан Үкіметімен бірлесе отырып, нақты сектор кәсіпорындарын тиімді сауықтыру шара­лары мәселесі пысықталатын болады», – деді.

Одан соң ҚР Ұлттық Банк басшысы қазақстандық және шетелдік банктердің 100 пайыздық қатысуымен 14 ірі банктің тексерілетінін тілге тиек етті. Сөйтіп, биыл­ғы 1 тамыздан бастап банк активтерін бағалау жұмыстары басталады деп күтілуде. Ал бұл жұмыстар қарашаның соңы мен желтоқсанның басында аяқта­лады деп болжанып отыр. Бұл ретте Ұлттық Банк басшысы «Үкіметпен бірге банк активтерін бағалау қорытынды­ларына жасалатын шаралар мен ұсыным­дарды қабылдау бойынша алдағы 2-3 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасала­тын болады. Ал Банк активтерін бағалау инвесторларды тартуға және Қазақстанның банк жүйесінің беделі мен сенімін көтеруге көмектеседі деп есептейміз», – деп түйіндеді өз сөзін.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *