Қарапайым тұрғындар амфитеатр ашты

Алматыда «Қарасу» ық­шамауданындағы көлдің жа­нында ашық аспан ас­тын­дағы амфитеатр ашыл­ды.

Бұл – «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының қолдауымен жүзеге асып жат­қан, орталықтан алыстау аудандарды дамыту бойынша байқау жеңім­паздарының бірі, үнемі осындай азаматтық бастамалар көтеріп жүретін қала белсендісі Сергей Васильев­тің жобасы.

Иә, енді қала орталығынан шалғай орналасқан аудан тұр­ғын­дарының да бос уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізуіне көмектесетін тамаша орын пайда болды.

Бір ерекшелігі – осы амфи­театрды орнату, көлдің жан-жағын тазалау және өзімізді қоршаған ортаға бей-жай қарамай қандай да бір өзгерістер енгізу туралы ұсынысты аудан тұрғын­дарының өздері көтер­ген.

«Сорос-Қазақстан» қоры тарапынан 2017 жылдан бері қолдау көрсетіліп келе жатқан бұл жобаға енді URBAN FORUM Almaty, Brіtіsh Councіl Kazakhstan, Алматы қаласының әкімдігі, қалалық Қоғамдық кеңесі сынды сенімді серіктес­тер де атсалысуда.

Кеше ғана тұсауы кесілген аталмыш амфитеатрда жаз бойы түрлі шеберлік сабақтары, талқылау-жиындар мен кон­церт­тер өтетін болады. Сөйтіп, үш айлық демалысқа шыққан балаларымыздың да, олардың ата-аналарының да жазғы күн­дерін сәтті де, мағыналы өткізе­ріне сенімдіміз.

 

Нұр ЖАМАЛ.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close