АЛМАТЫНЫҢ ӨЗ ҚИЯРЛАРЫ АРЗАН

Жаңа жыл қарсаңында Алматыдағы BRB APK жылыжай кешені өз өнімдерін арзан бағамен шығарды

 287c2013-7e5b-4633-9f70-c8af9ecc7581

Нұрлан СҮЙІН

Алматы қалалық «Азық-түлік белдеуі» бағдарламасы шең­берінде, Индустриалды аймақта салынған BRB APK жылыжай кешені өзі өсір­ген қиярларды нарық бағасынан 40 пайызға арзан етіп мегаполис супер­­маркеттеріне шығарды. Ал­матының өз қиярларын алғашқы болып саудаға салатын – «Магнум» сауда орталығы желісі.

– Көкөніс бағасын қадағалап, күрт өспеуін болдырмау іс-шарасы қала­лықтарды қыс маусымында таза да сапалы өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында жасалуда. Және де біз өз көкөніс өндірушілеріміз бірінші кезекте ішкі нарықты қамта­масыз етуі үшін бар мүмкіншілікті жасаймыз, – дейді қала­лық Ауыл шаруашылығы басқар­масының бөлім жетекшісі Айдан Керімбек.

whatsapp-image-2016-12-23-at-15-03-26

Алғашқы өнімдері бере бастаған BRB APK жылыжай кешені көкөністерінің 70 пайызы Алматыға бөлінетінін айта кету керек. Қалған 30 пайыз ел өңірлеріне жіберіледі. Осылай мегаполисті қыс мезгілінде өз көкөнісімен қамтамасыз ету қолға алынды. Кешен қияр мен қызанақтан басқа баклажан, бұрыш өсіруді қолға алған.

Енді Алматының өз көкөнісі жыл бойы қолжетімді болады. Оны Қазақ­стандағы ең үлкен BRB APK жылыжай кешені қамтамасыз етеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *