АЛМАТЫНЫ БІР КӨРГЕН АДАМНЫҢ ОНЫ СҮЙМЕУІ МҮМКІН ЕМЕС

52Сұлтан САРТАЕВ, академик:

 

Алматыны бір көрген адамның оны сүймеуі мүмкін емес

 

Еліміз тарихында Алматының алатын орны зор. Ол – Тәуел­сіздігіміздің алтын бесігі, рухани ордасы. Әлем – Қазақстан десе, Алматыны айтады, жас астанамыз Астананы біледі.

Мен әлемнің көптеген елдерінде болдым. Осы сапарларымның бәрінде Алматыдан ұшып, Алматыға оралдым. Сондықтан, Алматы мен үшін жүрегімнің жартысы.

Ұлы данышпан әл-Фараби жеке адамдарға емес, адамдардың қауым­дастығына баса мән берген. Ол қоғамның идеалды екі типін көрсеткен. Кемелдену мен бақыт, ол тек толық қоғамда ғана мүмкін. Мұндағы басты орта – қала. Ғұлама осы бағытта ұлы игілік пен жоғары кемелдік, біріншіден, үлкен қала­ларда жетілуі мүмкіндігін айта келіп, оларды қайырымды қала мен қайырымсыз қала деп екі типке бөлген. Біз Алматыны осының алғашқысы, қайырымды қалаға жатқызамыз.

Өйткені, Алматы – сан ғасырлар бойы еліміздің астанасы ғана емес, талай азаматтың өмір арманына айналған, үмітін жалғаған, отын маздатып, ұрпақ сүйдірген шаңы­рағы.

Алматыны бір көрген адамның оны сүймеуі мүмкін емес. Мен бүкіл саналы өмірімді осы қалада өткіздім. Жарты әлемді аралап, небір ғажайыпты көрсем де, Алматымды, оның қайырымды адамдарын сағы­нып тұрамын.

Қала – тірі организм. Сондықтан, оған әр беріп, гүлдене түсуіне аялы алақаны­мызбен қамқорлық етуіміз керек. Барша қала тұрғындарын, оның қонақтарын Қала күні мерекесімен құттықтай отырып, әсем шаһарымызға мейірімдеріңізді төге берулеріңізге тілектеспін!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *