Алматының ауасы жайлы ойлана бастадық

ЕЛЕНА, блогер:

– Биылғы жыл өте үлкен жаңалықтар мен оқиғаларға толы болып тұр. Трамвай жүйесін дамытуға байланысты үлкен үміттер болып еді. Бірақ жоба әлі тоқтап тұр. Позитивті жаңалықтарды айтар болсам, Алматының ауа бассейнін тазарту үшін не істеу керек, көлік құралдары мен ЖЭО-дан шығатын зиянды қалдықтарды қайтсек азайтамыз дегенге көпшілік болып ойлана бастадық. Және осы мәселеде кешенді бағдарлама жасауға деген талпыныс та бар. Мен үшін ең бастысы қоғамдық көлікті дамыту мәселесі өзекті болып қала береді. Өйткені, қаланың ауа бассейнін тазарту үшін қаланың кез келген бұрышынан әрбір тұрғын экологиялық таза, жарық, кең, жайлы автобус, троллейбус және трамвай жүйелеріне отыра алатындай жағдай жасалу керек.

Жазып алған – Әсел ДАҒЖАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *