Алматыда балаларға тегін мультфильм көрсетілді

Алмалы ауданының аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан бүлдіршіндерге арнап мультфильм көрсетілімін ұйымдастырды

Алмалы ауданының 100-ден аса балалары «Монстры на каникулах-3» атты жаңа мультфильмді тамашалады.

Аталмыш іс-шараның мақсаты бүлдіршіндерге рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың бойындағы  патриоттық сезімдерін арттыру, ұлттық келісімді, жастардың эстетикалық мәдениетін дамыту болып табылады. Шара барысында балалар аса қызығушылық танытып, «Монстры на каникулах-3» атты жаңа мультфильмді жақсы көңіл-күймен тамашалап қайтты.

«Lumeira Cinema»  ойын-сауық орталығының кинотеатрында  өткен мультфильм көрсетіліміне аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия есебінде тұратын балалар қатысты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close