Алматыда ақпан айында бокс додасы өтедi

Ермұхамед МӘУЛЕН
Ақпанның 14–18-i аралығында Алматыда бокстан «Төрт елдiң чемпионаты» атты халықаралық турнир өтедi. Бұл додаға Қазақстан, Ресей, Үндiстан, Франция елiнiң боксшылары қатысады.
Жарысқа әр елдiң үздiктерi қатысады деп күтiлуде. Қазақстан құрама командасы осы жарыста жоғары нәтижемен көрiнгiсi келедi. Олимпиада мен Әлем кубоктарында бiздiң былғары қолғап шеберлерiнiң алдын орап жүрген Ресей мен Үндiстан боксшыларын ендi Алматы төрiнде бiр тексерiп алудың ретi туып тұрған секiлдi. Мырзағали Айтжанов бастаған жiгiттер «Төрт елдiң чемпионатында» бас жүлденi қанжығалау деген мақсат қоюы тиiс.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *