АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қызметке Мақсат Қиқымов келді. Бұған дейін ол қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасын басқарған болатын. Ол «Құрмет» орденінің иегері әрі республи­калық «Қазақстан Республикасының 2018 жылғы ең үздік мемлекеттік қыз­меткері» атты байқауының жеңімпазы.

Жаңа қызметте ол өз алдына турин­дустрияның инфрақұрылысын халық­аралық талаптарға сәйкестендіріп, ішкі және сыртқы туристік ағынды ұлғайтуды мақсат етіп отыр.

Қалалық және республикалық деңгейдегі спорттық шараларда белсенді Мақсат Қиқымов қазақ күресі Федера­циясының бірінші вице-президенті ретінде қазақ күресінің дамуына ерекше назар аударып отыр.

 

Қалалық Дене шынықтыру

және спорт басқармасы басшылығына Рүстем Байсейітов келді

        Бұл басшылық қызметке дейін ол аталған басқарма басшысының орын­баса­ры қызметінде болатын. Одан кейін денсаулығына байланысты осы  бас­қарма басшысы қызметінен кеткен Әбіл Донбаев­тың орнына Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болатын.

Рүстем Байсейітов 1978 жылы Алматы облысы, Фабричный ауылында дүниеге келген. 2001 – 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде әскери борышын өтеген. 2015 жылы Дене шынықтыру және спорт басқар­масы басшысының орынбасары қызме­тіне тағайындалған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *