АЛДАҒЫШТАР АУРУШАҢ КЕЛЕДІ

Ғалымдар адал адамдар өзін неге жақсы сезінетінінің себебін анықтап берді. Аме­риканың Нотр-Дам универ­ситетінің ғалымдары қызық зерттеу жасады. Мақ­сат – артық сөйлеу, өтірік айту­дың, жаман дағдылардың денсаулыққа әсерін анықтау. Ғалымдар 18 бен 71 жас аралы­ғындағы 200 адамды жинап, оларға тапсыр­ма берді. Байқауға қатысушы­лардың жартысы 10 апта ішінде тек қана шындықты айтуы тиіс, ал қалғандарын өз еркіне қой­ды. Демек, кім қандай дең­гейде өтірік соғатынын айқын­дау қажет. Нәтиже­сінде алдағыштардың жиі ауыратыны анықталды.

Әрине, біз өтірік айтудың жақсы емес екенін білеміз. Бірақ өзгені де, өзіңді де ұятқа қалдырмау үшін енді қалай өмір сүру керек? Бұл жағдайдың миыңызға ғана емес, жалпы психикаға да әсер-ықпалы күшті.

Тәжірибе соңында шын­дықты қолдаушылар тобы­ның мүшелері өзін әлдеқайда әлсіз сезінген. Көңіл-күй­лері түсіп, айналасын­дағы­лармен түсінісе алмаған. Олардың басқа топтағыларға қарағанда тамағы және бас ауруы қатты сезілген.

Күн сайын байқауға қаты­­­сушылар қанша рет шындықты айтқандары жө­нінде анкета толтырды. Орта­ша есеппен алғанда, олар аптасына 10-15 мәрте өтірік айтатын көрінеді. Шын­дық айту тобындағыларға да оңай­ға соққан жоқ, бірақ олар аптасына үш есе аз өтірік соға­тын болып шықты. Со­нымен қатар, екі жақ жұ­мысқа кешігу, түнімен қайда серуендегені жөнінде ақи­қатты айтуға келгенде әжеп­тәуір сүрінді.

Қысқасы, біз адамдардың көбісі адал деп ойлаймыз. Ал шын мәнінде, доктор Хаус­тың айтуынша, өтірік айт­пайтын адам жоқ екен. Қоры­та айт­қанда, ірі өтірік­тер ай­та­тын­дар, алдағыштар бірлі-жарым екен де, ал ұсақ-тү­йекке келгенде бәрі­міз алды­мызға жан салмай­тын көрінеміз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *