Қала әкімі өртенген үйді тез арада қалпына келтіруді тапсырды

Серік ЖҰМАБАЙ

 

Алматыда «Көкжиек» ықшам­ау­данында орналасқан көпқабат­ты үй өртеніп, 300 адам эвакуа­цияланды. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар де­партаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қалалық Төтенше жағдай департаментінің ақпаратына қара­ғанда, 5 сәуір күні сағат 16.03-те «Көкжиек» ықшамауданындағы №32 үйде орналасқан пәтердің балко­нынан өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру­шілер барып, көпқабатты үйдегі өртті сөндіруге кіріскен.

– 16.03-те Алматы ТЖД-ның 101 пультіне Жетісу ауданы, «Көкжиек», 32-үй мекен-жайында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндіруші­лер оқиға орнына жеткенде белгілі болғандай, «Көкжиек» шағынау­данын­дағы №32 үйдің 3 балконы отқа оранған. Адамдар қауіпсіз жерге көші­рілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 16.11-де жетті. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшесі үйдің 1  мен 5-қабат аралы­ғындағы бет жағы өртеніп жатқанын анықтады. Өрттің алдын алу аумағы 1000 шар­шы метр. Үйдің төбесін түгелдей өрт шалған», – деді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Оның айтуынша, 5 қабатты үйдің балконынан тұтанған өрт үйдің шатырын, мансардын түгел шар­пып үлгерген. Оқиға орнында штаб, екі өрт сөндіру учаскесі құрылды. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 82 өрт сөн­діруші, 25 техника жұмыл­ды­рылды. Өртенген үйден 300 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Абырой болғанда, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Дегенмен, күт­пеген жерден болған тілсіз жаудың кесірінен материал­дық шығынға ұшыраған пәтер тұрғындары не істерлерін білмей абдырап қалды. Десек те, олар «көп түкірсе, көл» демек­ші, халық­тан көмек күтіп отыр. Бұл ретте Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тиісті органдарға «Көкжиекте» өртенген үйді жылдам қалыпқа келтіруді тапсырды. Соны­мен қатар, қала әкімі зардап шеккен­дердің дүние-мүліктерінің қолды бол­мауын қадағалау керектігін жет­кізді.

Қазіргі таңда тұрғын үйдегі электр қуаты, газ және тағы да басқа жүйе­лер сөн­дірілген. Жетісу әкімдігі мен қала құтқару қызметінің күшімен №177 мектепте штаб құрылып, зар­дап шеккендерге арналған жатын орындар әзірленген. Өрт мас­штабын анықтайтын комиссиялық тексеріс баста­ла­тын болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *