Академикке ескерткіш-тақта орнатылды

Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен техника ғылымының докторы, профессор, академик Шауқат Алтаевқа арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Елімізге еңбегі сіңген белгілі ғалымның есімін халқының есінде мәңгі сақтау мақсатында ұйымдастырылған ізгі шараға бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері мен тұлғаның туған-туыстары қатысты.

Балнұр АХМЕТ

Іс-шарада ҚР Ұлттық Ғылым акаде­миясының Президенті Мұрат Жұрынов ғалымның елеулі еңбегіне ерекше тоқталып өтті.

– Шауқат Алтаев – тау-кен саласын­дағы ғылыми жұмыстарымен әлемге әйгілі ғұлама ғалым. Политехникалық оқу орнын бітіргеннен кейін ол тау-кен саласында жұмыс істеді. Жердің астындағы алтын, күміс, түсті металдарды алуда іргелі істер атқарды. Химиялық әдіспен шахта­ларды қауіпсіздендіру, құбыр жасау тәрізді жұмыстар Кеңес дәуірінде үлкен жаңалық болған еді. Ондай ауқымды іс-шараларды әлі ешкім жүзеге асырмаған еді. Ғұлама ғалым осындай жаңалықтарымен дүние жүзіне белгілі болды. Оның еңбектеріне шет елдерден сұраныс түсті. Кеңес ғалымда­рының еңбектеріне қызығушылық танытып, шет елдерден  патентті сатып алу үшін сұраныс түсуі өте сирек кездесетін жағдай еді. Қазақстан ғалымдарында да бұл жағдай өте сирек кездеседі. Сондықтан ғылым саласындағы оның орны айрықша. Ұлағат­ты ұстаз ретінде ол көптеген шәкірт тәр­биелеп шығарды. Ғылым кандидатын, ғылым докторларын дайындап, қанатын қатайтқан  академик өмірде өшпес із қалдыр­ды. Ғылым академиясында да оның абырой-беделі биік болды. Оның жарқын бейнесі әрқашан жүрегімізді жылытып жүреді, – деді ҚР Ұлттық Ғылым акаде­миясының президенті Мұрат Жұрынов.

Жиында Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Алиев өз сөзінде академиктің ғибратты ғұмыры жас ұрпаққа үлкен үлгі-өнеге екенін атап өтті. Сонымен қатар, жиында сөз алған бірқатар қоғам қайраткерлері мен ғалымдар академиктің адамгершілік асыл қасиеттері туралы жүректегі жылы лебіздерін жеткізді.

Шауқат Алтайұлы – таукенші ғалым, техника ғылымының докторы, профессор, академик, республика Министрлер Каби­неті сыйлығының лауреаты, кен өндіруде арнайы әдістер құру саласында және одан пайдалы компоненттерді шығарып алған белгілі ғалым.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *