17 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

АСТАНА. ҚазАқпарат. Сауд Арабиясының басшылығы исламның киелі орнына қажылыққа барған уақытта төтенше оқиғалардың алдын алу үшін құзыретті органдар қызметінің жұмыс жоспарын қабылдады. 

Өткен жылғы бірнеше жүздеген қажылыққа ниет етушілер қаза тапқан ащы тәжірибеден сабақ алған корольдік билігі қажылық өткізуді барынша қауіпсіздендіруді шешті, деп хабарлайды ТАСС.

Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы генерал Сүлейман бен Абдалла әл-Амр атап өткендей, елде бар барлық ресурстарды жұмылдыру жоспарын қажы істері комитетінің төрағасы болып табылатын ішкі істер министрі ханзада Мұхаммед бен Наиф Әл Сауд бекітті.

– 17 мыңнан астам қауіпсіздік органдарының қызметшілері қажылық ұйымдастырумен айналысады. Бұл ретте 3 мың техника жұмылдырылды, – деген әл Амраның сөзін келтірді Arab News газеті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *