Боксшы Карина Ибрагимова қарсыласын жеңді

Боксшы Карина Ибрагимова қарсыласын жеңді
сурет: prosports.kz

К. Ибрагимова ширек финалға шығып, медальға бір табан жақындай түсті.

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Карина Ибрагимова екінші жекпе-жегін де сәтті өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері К.Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақта әзербайжандық Махсати Хамзаевамен шеберлік байқасты.

Карина алғашқы жекпегінде колумбиялық Валерия Арболеда Мендосаны нокаутпен жеңген болатын.

Карина бұл жолы да соққыларын дәл жұмсай білді. Тіпті екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Үшінші кезеңде М.Хамзаева тағы бір нокдаун алғаннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, К. Ибрагимова ширек финалға шығып, медальға бір табан жақындай түсті.