№13 ЕМХАНАҒА НЕВРОПАТОЛОГ КЕРЕК

Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымовтың тұрғындармен болған келесі кездесуі Сүйінбай атындағы №143 мектепте өтті. Өткен жылғы атқарылған жұмыстар жөніндегі аудан әкімінің баяндамасын мұқият тыңдаған тұрғындар жыл бойы жүргізілген жұмыстың көрсеткіштеріне риза болды. Әлі де шешімін таппаған, атқарылуға тиіс жұмыстардың бар екендігі де байқалды.

Рая ЕСКЕНДІР

Өткен жылғы өтініш талаптарының жүзеге асып, шешімін тапқанына ризашылықтарын білдірген тұрғындар аудан әкіміне сауалдарын жолдауды бастады. Осы ауданның Потанин көшесіндегі №49 үйдің тұрғыны Майра Китібаева: «Саяхаттың» маңында аялдама жоқ. Сондықтан адамдар көшенің ортасына дейін шығып алады. Потанин, Жангелдин көшелерінің бойына да аялдамалар орна­тылса», – деді. Полежаев көшесінің №223 үйінде тұратын Гүлфара Мақсұтқызы «Айбат» ПИК-інде жұмыс жасайды екен. «Төретай көшесінің №94 мекен-жайындағы жер телімі бос жатыр. Менің естуімше, сол жерге үй салынатын көрінеді. Ақпарат рас болса, құрылыс жұмысы қашан бас­талады екенін білсем» деп сауал тастады. Үй шаруа­сындағы Елмира Бөбетаеваның айтуынша, №13 емханада невропатолог дәрігер жоқ екен. «Тапшы мамандардың көмегіне жүгіну үшін қаланың басқа жерлерін шарлап кетеміз, тапшы маманды жұмысқа шақыруға болмай ма?», – деген тұрғынның сөзінің жаны бар.

Бүгінде невропатолог маманның көмегіне жүгіне­тіндер өте көп. Тұрғындар жарығы жоқ көшелермен жүрудің қауіпті екендігін алға тартты. Мәселен, Иссыкская, Пота­нин көшесімен жүруге кеш түссе қорқатындарын айтып шағымданды. Зейнеткер Вера Ледянованың айтуынша, Райымбек-Сүйінбай даңғыл­дарының қиылысына жөнсіз тұрып алатын таксилер жүргіншілердің жүретін жолын жауып кедергі келтіруде деп шағымданды. «Саяхат» маңындағы жабайы сауда мен ұрлықтың азаймай тұрғаны да сөз болды. Осы аудандағы Нүсіпбеков №59 үйінің тұрғыны Гүлбаршын Қойбағарова есімді зейнеткер өзі тұратын көшедегі үйлердің қашан сүрілетінін сұрап, осы маңдағы «Береке» дүкені түнде неліктен арақ сатады деп шағымданды.

Әсем Жұбаниязова есімді тұрғын ағылшын тілін үйрететін үйірмелер ашылса деген тілегін жеткізді. Қыдыр­бекұлы көшесінің №50 үй тұрғыны Динара Жүнісованың айтуынша, үй шаруасында отыратын­дардың баспана алуына бола ма, әлде басқа жолдары бар ма деген сауалын айтып, өзінің 2015 жылдан кезек­те тұрғанын жеткізді. Зейнеткер Исабек Шинман­бетова 2002 жылы алған үйін жекешелендіргенімен әлі күнге базада жоқ екендігін айтып, кеңес сұрады. Аудан әкімі мен тиісті сала өкілдері барлық сауалдарға жауап берді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *