Анық бағыт, айқын жоспар

Қазақстан Президентінің бұдан бұрынғы барлық баста­малары халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдауға бағытталған және уақыт сұранысына жауап беретін шынайы бағдарла­малар болатын. Елбасының бұл жолғы «Бес әлеуметтік бастамасы» еліміздің экономи­калық әлеуетінің қуатты көр­сеткішке ие екендігін көрсетіп отыр. Ұлт көшбасшысы бұдан бұрынғы бір сөзінде қоғамның санасын өзгерту арқылы руха­ни бай, бәсекеге қабілетті ұлт­ты қалыптастыруға жол ашыл­ғанын, қазіргі таңда жүйе­лі жаңғыру бүкіл ел жұмыста­ры­ның басты қазы­ғына айнал­ғанын айта келіп, бір-біріне сабақтас үш жаңғы­руды – экономикалық, саяси, рухани жаңғыруға ел болып батыл кірісіп отырғанын атап өткен болатын. Бұл Үндеу – елімізді әлеуметтік жағынан сапа­лы жаңғырту жолындағы батыл тарихи қадам болып отыр.

Экономикалық, саяси жаң­ғырумен бірге, бүгінгі жаһан­дану үдерісі өте күшті және жедел өтіп жатқан дәуірде әлеуметтік жаңғырудың тәу­ел­сіз Қазақстанның болашағы үшін маңызы зор. Әлеуметтік жаңғыру дамыған өзге елдер­мен тең дәрежелі қарым-қаты­нас жасаумен және қолда барды ұқсату арқылы орын­далмақ. Бұл – анық бағытты, айқын жоспарды талап ететін ұзақ мерзімді ауқымды жұмыс. Ол үшін елімізде барлық алғышарттар жасалған.

Халық Елбасы бастамасын қызу қолдап отыр. Бағдарлы жоспар іс жүзінде барша қазақ­­стандықтарды қамтып, олардың жан-жақты бақуат­тана түсуіне жол ашуда.

Халқымыздың 42 пайызға жуығы әлі де ауылдық жер­лерде тұрады. Ал бұл өз кезе­гінде олардың аграрлық сек­тор­ларда еңбек ететіндігін көрсетеді. Президент Үндеуін­де сол халықты әлеуметтік тұрғыда қолдауда ерекше қамқорлықтар жасалынбақ. Несие беру, 40 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарының ашылуы еңбек адамына жаса­латын үлкен күш болмақ. Бұ­лардың бәрі жалпыға Бірдей Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам бағдарламасын толық­ты­ратын болады. Бұл бастама­лардың бәрі әлеуметтік мем­ле­кет және ұлттық әл-ауқат­тың қазақстандық үлгісін қа­лыптастыру аясындағы маңыз­ды қадам болып табылады.

 

Әділ ӘБДІЛДАЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *