Алмалы ауданында «Адал жол» марафоны өтті

Алмалы ауданы әкімі аппараты және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйым­дас­тыруымен сыбайлас жемқор­лыққа қарсы «Адал жол» мара­фоны өтті.

Іс-шара барысында Алмалы ауданы әкімінің орын­басары А. Бекжанова, Алмалы аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Әмірханов және жастардың атынан М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының  тәрбие ісі жө­ніндегі бөлім басшысы Е.Қорабаев сөз сөйлеп, әр азаматтың бойында патриоттық сезім мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру туралы айтып өтті. Шара аясында көпшілікке концерттік бағдарлама мен Қазақ мемлекеттік Қыздар педаго­гикалық университетінің студент қыздарының флешмобы ұсы­нылды.

Аталған сипаттағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатындағы кешенді іс-шаралар барлық оқу орындарында жалғасын табатын болады.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *